10.02.2010, 15:39 3422

Солтүстік Қазақстан облысында ұялы байланыс дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалу салдарынан сатушы жараланды

Солтүстік Қазақстан облысында ұялы байланыс дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалу салдарынан сатушы жараланды

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысына қарасты аудан орталығында орналасқан ұялы байланыс дүкендерінің біріне қарулы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Астана қаласының еш жерде жұмыс істемейтін 21 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Дүкенге шолақ мылтықпен басып кірген белгісіз адам сатушыға оқ атып, 600 мың теңге тұратын 23 ұялы телефон мен флеш-карталарды алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдемелер, яғни 16 калибрлі шолақ аңшы мылтығы және ұрланған телефондар тәркіленді. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны