Система Orphus

Солтүстік Қазақстан облысында үш бопсалаушы ұсталды

02.04.2010, 17:25 2658

Петропавловск. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында Бескөл ауылында тұратын үш тұрғын бопсалаушылар ретінде ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ІІД мәліметінше, 27 жастағы аудан орталығының тұрғыны ауылдың үш тұрғыны одан 30 мың теңге бопсалап жүргенін айтып шағымданған. Жәбірленушіні зорлықпен осындағы бір ЖШС-тің күзет орнына апарып, соққыға жығып, ақша талап еткен. Оған оңды жауап ала алмаған әлгі үшеудің бірі оған балта көрсетіп қорқытқан. Одан кейін жігітті "алдымен 15 мың теңге төлеймін, қалған ақшаны кейін беремін" деп қолхат жазып беруге мәжбүрлеген.

"Аудандық жедел тергеу тобы жігіттерді ұстады, олар өздерінің қылмысқа қатысы бар екендерін жасырмады. Қылмыстық іс қозғалып, олардың екеуі қамауға алынды", - деп хабарлайды ІІД.

"Жалпы алғанда облыс аумағында өткен аптада 83 қылмыс тіркелді, оның 75-і ізі суымай ашылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны