12.03.2008, 09:55 1236

Солтүстік Қазақстан облысында валюта мен тұтыну тауарларын контрабанда жолымен алып өту жолы кесілді

Солтүстік Қазақстан облысында валюта мен тұтыну тауарларын контрабанда жолымен алып өту жолы кесілді

Астана. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Жақында "Жаңажол" кеден бекетінің қызметкерлері қатарынан екі экономикалық контрабанда дерегін анықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментіне сілтеме жасай отырып.

Кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Александр Семенчук хабарлағандай, 6 наурызда кеден бекетіне Қарағанды - Екатеринбург бағытындағы рейстік автобус келген. Ол Қарағанды тұрғындарының басқаруында болған. Жолаушылардың кедендік декларацияларын толтырғаннан және тіркегеннен кейін автобусқа тексеру жүргізілген. Тексеріс барысында автобустың жүк салатын бөлімінен жүргізушілер кедендік бақылаудан жасыруға тырысқан дорбалары бар құпия бөлім табылған. Дорбаларда тоқыма бұйымдар мен автомагнитола болған. 2008 жылдың 7 наурызындағы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сауда-өнеркәсіп палатасының ақпараттық анықтамалығына сәйкес, жоғарыдағы тауардың құны 2 млн 600 мың теңгеден асқан.

Тұтқындағаннан кейінгі күні аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 209 бабының 1 тармағында (Экономикалық контрабанда) қарастырылған қылмыс белгілеріне сәйкес жүргізушілерге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген тауарлар уақытша сақтау қоймасына қойылды, деп хабарлады департамент өкілдері.

Сонымен бірге, кедендің бақылау департаментінің хабарламасына сүйенсек, осы бекетте тағы бір экономикалық контрабанда оқиғасы 10 наурызда тіркелген. Бекетке "Вольво" маркалы көлік келген. Онда Қырғызстаннан Қазақстан арқылы Литваға кетіп бара жатқан екі Қырғызстан азаматы болған. Жеке тексеру кезінде осы көліктің 36 жастағы жолаушысынан декларациядан өткізілмеген 15 000 евро, 400 АҚШ доллары және 40 000 Ресей рублі көлеміндегі қолма-қол шетел ақшасы болған.

2008 жылдың 11 наурызында аталмыш оқиға бойынша көлік жолаушысына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 209 бабының 1 тармағында (Экономикалық контрабанда) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кедендік бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері департаменттің контрабандамен күрес басқармасы 11 қылмыстық іс қозғаған. Оның жетеуі экономикалық қылмыстарға қатысты. Осы қылмыстық істер бойынша жалпы сомасы 24 млн теңге көлеміндегі валюта мен тауар алынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны