30.06.2009, 12:32 3144

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз елік аулады деген күдікпен Петропавловск қаласының үш тұрғыны ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз елік аулады деген күдікпен Петропавловск қаласының үш тұрғыны ұсталды

Алматы. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз елік аулады деген күдікпен Петропавловск қаласының үш тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қазақстан Республикасы ІІМ Икімшілік полициясы комитетінің табиғатты қорғау полиция бөлімінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ІІБ табиғатты қорғау полиция қызметкерлері браконьерліктің жолын кесу жөніндегі рейдтік іс-шаралар өткізу барысында "Лама" аң аулау шаруашылық аумағында Петропавловск қаласының үш тұрғыны отырған "ВАЗ-2121" автомашинасы ұсталды. Олардан тексеріс кезінде көліктің жүксалғышынан еліктің еті, 16 калибрлі "ИЖ-27" аңшы мылтығы табылып тәркіленді. Шығын көлемі 127 300 құрады".

"Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Заңсыз аңшылық жасау" жөніндегі 288-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны