08.09.2009, 13:56 2987

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз елік аулау дерегі бойынша Есіл ауданында қылмыстық іс қозғалды

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз елік аулау дерегі бойынша Есіл ауданында қылмыстық іс қозғалды

Петропавловск. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы Лузинка ауылында заңсыз елік аулау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, СҚО ІІД табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясы мен АІІБ қызметкерлерінің бірлесе аң шаруашылығы аумағында жүргізген рейд барысында екі "джип" көзге түскен, олардың жүргізушілері өздеріне қарама-қарсы келе жатқан көлікті көріп белгісіз бағытта қашып кеткен. 5 қыркүйекте Лузинка ауылында жергілікті тұрғындардың арасында сұрау салу нәтижесінде қашып кеткен джиптер 47 жастағы тұрғынның ауласынан табылды.

"Тәртіп сақшылары үйдегі тексерулер барысында аңшылық қару-жарақ арсеналымен қоса басқа да заттарды тапты. Жатын бөлмедегі металл сейфтен үйдің иесіне тиесілі, соның атына тіркелген "МЦ-20-01Ш"және "ИЖ-18ММ" маркалы аңшы мылтықтары мен 12-ші калибрлі 34 оқ табылды. Сондай-ақ, сақтау құқығы берілмеген аңшы пышағы мен 20-шы калибрлі гильзалар шаққан. Ал шкафтың артынан 16-шы калибрлі "ИЖ-18ММ", 20-шы калибрлі "МЦ-20-01Ш", 12-ші калибрлі "ТОЗ-34Р" аңшы мылтықтары табылды. Бұл үш қаруға да рұқсат құжаттары болмай шыққан", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шаруашылық жайларын тексере келгенде үйдің артындағы жырадан екі еліктің еті, бақша аумағынан борсықтың терісі мен аяқтары табылды. Бақша дуалының артынан еліктің басы, осы үйдің шатырының ішінен 7,62 калибрлі 765 оқ пен оқтары бар нағыз пулемет таспалары табылған.

"Заңсыз аң аулау дерегі бойынша Есіл АІІБ тергеушілері ҚР Қылмыстық кодексінің 288-ші бабы (заңсыз аң аулау) бойынша қылмыстық іс қозғады. Жыл басынан бері ҚР Қылмыстық кодексінің 288-ші бабы бойынша 10 қылмыстық іс қозғалды, оның 6-ы сотқа жіберілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны