14.05.2012, 19:31 3295

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа элеватор іске қосылды

Элеватордың құрылысы астық сақтайтын орындардың жетіспеушілігін азайтуға, дәнді дақылдарды сақтаудың жағдайын жақсартуға және Қазақстанның тұтынушылық нарығын сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында ҮИИД бағдарламасының аясында жаңа элеватор іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Элеватордың құрылысы астық сақтайтын орындардың жетіспеушілігін азайтуға, дәнді дақылдарды сақтаудың жағдайын жақсартуға және Қазақстанның тұтынушылық нарығын сапалы өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Kid Trade" ЖШС-нің элеваторы ҮИИД бағдарламасының аясында 2011 жылдың маусым айында Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында іске қосылды. Нысан астық пен тұқымдық дақылдарды сақтау және өңдеу жөніндегі қызметтер көрсетеді.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 52 мың тонна астықты құрайды. Элеваторда қосымша жұмыс орындары құрылып отыр және онда "Шмидт-Зеегер" (Германия) фирмасының технологиялық жабдықтары пайдалануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны