30.04.2010, 16:31 6720

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері ойын бизнесі туралы заңды бұзған 6 залдың қызметі тоқтатылды

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері ойын бизнесі туралы заңды бұзған 6 залдың қызметі тоқтатылды

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері ойын бизнесі туралы заңды бұзған 6 залдың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, прокуратура органдары ойын бизнесі саласында заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда. Заңнаманы бұзудың әрбір дерегі бойынша оны жоюға бағытталғын қажетті шаралар қабылданып отыр.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары басқа құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып ойын автоматы бар 6 залдың заңсыз қызметін тоқтатты. Заңсыз айналымнан барлығы 97 ойын автоматтары және 1 электронды рулетка алынып тасталды. Анықталған барлық деректер бойынша тергеуалды тексерулер жүргізілуде.

Мысалы, Бас прокуратураның хабарлауынша, Петропавл қаласындағы бір дәмханада ақша ұтысын беретін 5 ойын автоматы анықталды. Алайда, 2007 жылдың 12 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" заңның 11-бабының 1-,2-тармақтарына сәйкес казино және ойын автоматтары залдары Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Шортанды ауданында жергілікті атқарушы органдар белгілеген аумақ шегінде орнатылуға тиіс. Казино және ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының басқа аймақтарында орнатуға тыйым салынған.

Тексеру кезінде ойын автоматтарында ойын ойнап, белгілі ақша сомаларын ұтқан және ұтылған азаматтар болғаны тіркелді. Автоматтардың иесі түскен табысты күнделікті алып отырған, бірақ алынған кірісті ешжерде тіркемеген.

Тексеру жүргізілген күні құмар ойындарын заңсыз ұйымдастырудан түскен табыс 13500 теңгені құрады.

Тексеру қорытындысы бойынша, ойын автоматтары иесінің әрекеттерінде әкімшілік құқықбұзушылық құрамы анықталғанын ескере отырып, тиісті материалдар Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жөнелтілді. Соттың қаулысымен ол 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 141300 теңге айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Айыппұл мемлекет табысына өндірілді, ойын автоматтары жою үшін тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны