11.08.2017, 16:01 3897

Солтүстiк Қазақстан облысында жылына 10 мыӊ тонна өндiрiстiк және медициналық қалдықтарды залалсыздандыратын кәсiпорын ашылады

- Бүгiндерi облыс бойынша 21 кәсiпорын қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жұмыстарын жүргiзумен айналысады. Олардыӊ 9-ы қалдықтарды, қоқыстарды қайта өӊдейу iсiн қолға алған. Алғашқы жартыжылдықта бұл кәсiпорындар 1638 тонна қоқысты сұрыптап, қайта өӊдеуге жiбердi. Бұл өткен жылдыӊ сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 457 тоннаға артық,-дедi Анатолий Федорович.

Петропавловск.11 тамыз. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысы басшылығымен өткен әкiмдiк отырысы тағайындаулардан басталды.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ өкiмiмен облыс әкiмi аппаратыныӊ әдеп жөнiндегi өкiлеттi өкiлi болып Дулат Қаратайұлы Тайшабай тағайындалды.

Дулат Қаратайұлы 1979 жылы Солтүстiк Қазақстан облысындағы Тимирязев ауданыныӊ Хмельницкое ауылында туған.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде, Солтүстiк Қазақстан заӊ академиясында құқық негiздерi және экономика, юриспруденция мамандықтары бойынша бiлiм алған.

2000 жылы еӊбек жолын Тимирязев ауданыныӊ "Мичуринский" ЖШС-де экономист-заӊгер болып бастады.

2001 жылы Петропавл қаласындағы "Қазақстан Республикасы Идiлет министрлiгiнiӊ шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорныныӊ облыстық филиалында жетекшi маман қызметiн атқарды.

2001-2003 жылдары облыстық әдiлет басқармасыныӊ АХАЖ бөлiмiнiӊ бас маманы болды.

2003-2005 жылдары аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы соттары әкiмшiсiнiӊ сот атқарушысы болып қызмет еттi.

2005-2017 жылдары Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi облыстық департаментiнiӊ бас маманы қызметiнiӊ басқарма басшысына дейiнгi өсу жолынан өттi.

2016 жылдан осы тағайындауға дейiн Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi облыстық департаментiнiӊ мемлекеттiк қызмет саласындағы бақылау басқармасыныӊ басшысы болды.

Сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментiнiӊ басшысы Серiкбай Хәлiмұлы Қасмақасов таныстырылды.

Икiмдiк отырысында өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов әлеуметтiк мәселелерi бойынша орынбасары Анархан Дүйсенованы басқа лауазымға ауысуымен құттықтады.

Бұдан басқа, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалыныӊ директоры болып Алмат Тұӊғатұлы Қожахметов тағайындалды.

Кейiн әкiмдiк отырысы барысында үстiмiздегi жылдыӊ 1 жартыжылдығы бойынша жергiлiктi полиция қызметiнiӊ қорытындылары, елдi-мекендердегi қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәселесi қарастырылды.

Икiмдiк отырысында облыстық iшкi iстер департаментi жергiлiктi полиция қызметiнiӊ бастығы, полиция полковнигi Қанат Айтбаев өзi басқаратын ведомствоныӊ бiрiншi жартыжылдықтағы қызмет қорытындысы туралы айтып бердi. Баяндамашыныӊ ақпараты бойынша, жарты жыл iшiнде өӊiрiмiздегi криминогендiк ахуал бiршама жақсарып, өӊiрдегi жалпы қылмыс саны 28,1 пайызға азайған. Үстiмiздегi жылдыӊ алты айында құқық бұзушылықтыӊ алдын алуға қатысты атқарылған жүйелi жұмыстардыӊ нәтижесiнде облыс аумағындағы жалпы қылмыстар саны-32,6 пайызға, аса ауыр қылмыс-51,7 пайызға, ал ауыр қылмыс 36 пайызға кемiген.

- Жыл басынан берi облыс аумағында 269 бейнебақылау құрылғысы орнатылды. Оныӊ 80-i-облыс орталығында, 189-ы аудандарда жұмыс iстейдi. Құқық бұзушылықтыӊ алдын алудағы тиiмдi әдiстiӊ көмегiмен қылмыстыӊ 90 фактiсi тiркелiп, 5815 әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталды. Құрылғылардыӊ көмегiмен 257 млн. теӊгенiӊ айыппұлы салынды,-дедi Қанат Айтбаев.

Жасөспiрiмдер арасындағы қылмыстарды азайту мақсатында ювеналды полиция қызметкерлерi де жастар көп жиналатын орындарда жүйелi түрде рейдтер жүргiзуде. Бiрiншi жартыжылдықта 101 кәмелетке толмаған жас пен 70 жайсыз отбасы арнайы есепке қойылды. Есептi кезеӊде 26 адам ата-ана құқығынан айырылса, кейбiреуiнiӊ құқығы шектелген. Жыл басынан берi 98 бала облыстық кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталығына, 5 жасөспiрiм девиантты тәртiбi бар балаларға арналған арнайы мектепке орналастырылған.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов жергiлiктi полиция қызметiнiӊ материалдық-техникалық базасын нығайтуға қосымша бөлiнген 300 миллион теӊге қаржыныӊ бүгiнге дейiн толық игерiлмеуiн сынға алып, жергiлiктi полицияныӊ өз қызметiнде ашықтықты қамтамасыз етуге күш салуы қажеттiгiн ескерттi.

Отырыста облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысыныӊ орынбасары Анатолий Усольцевтiӊ де хабарламасы тыӊдалды. Оныӊ деректерiне сәйкес, бүгiнде облыс бойынша алты жүзге жуық қатты тұрмыстық қалдықтар алаӊы бар екен. Өкiнiшке қарай, олардыӊ басым бөлiгi қолданыстағы экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейдi. Белгiлi болғандай, қазiргi уақытта қоқыс алаӊдарыныӊ тек 214-iнде жер актiлерiнiӊ құжаттары рәсiмделген болса, 14-iнде ғана құжаттары бар.

- Бүгiндерi облыс бойынша 21 кәсiпорын қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жұмыстарын жүргiзумен айналысады. Олардыӊ 9-ы қалдықтарды, қоқыстарды қайта өӊдейу iсiн қолға алған. Алғашқы жартыжылдықта бұл кәсiпорындар 1638 тонна қоқысты сұрыптап, қайта өӊдеуге жiбердi. Бұл өткен жылдыӊ сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 457 тоннаға артық,-дедi Анатолий Федорович.

Биыл Солтүстiк Қазақстан облысында "Промотход Казахстан" ЖШС-i жылына 10 мыӊ тонна өндiрiстiк және медициналық қалдықтардыӊ барлық түрлерiн залалсыздандырумен айналысатын кәсiпорын ашпақ. Ал "ВторПластСКО" ЖШС-i пластикалық шөлмектердi қайта өӊдеумен айналысатын кәсiпорнын жыл соӊына дейiн пайдалануға берудi жоспарлап отыр.

Өӊiр басшысы Құмар Iргебайұлы аудан әкiмдерiне ауылдық жерде қараусыз жатқан қатты тұрмыстық қалдықтар алаӊдарын тәртiпке келтiрудi тапсырып, бұл мәселенi жеке бақылауына алатынын ескерттi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны