05.02.2008, 19:12 3030

Солтүстік Қазақстан облысында жол апаттары санының азайғандығы байқалады

Солтүстік Қазақстан облысында жол апаттары санының азайғандығы байқалады

Астана. 5-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында жол апаттары санының азайғандығы байқалады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 419 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 81 адам қайтыс болса, 522 адам жарақаттанған. 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол апаттары санының 8,1 пайызға, қайтыс болғандардың саны 17,3 пайызға және жарақаттанғандардың саны 2,6 пайызға төмендегендігі байқалады.

Ауылдық жерлерде 186 жол апаты (18,4 пайыз) тіркелген, 68 адам қайтыс болған (12,8 пайыз) және 239 адам (14 пайыз) жарақаттанған.

Республикалық маңызы бар жолдарда 74 жол апаты болған, немесе бұл көрсеткіш облыс бойынша тіркелген барлық жол апатаның 17,7 пайызы. Көлік жүргізушілерінің кінәсінен облыста 326 жол апаты болған, соның салдарынан 68 адам қайтыс болса, 438 адам жарақаттанған. Мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілердің кінәсінен 31 жол апаты тіркеліп, 4 адам мерт болған және 46 адам жарақаттанған. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен 174 жол апаты тіркеліп, 23 адам қайтыс болған және 171 адам жарақаттанған. Соның ішінде 93 жол апаты немесе 53 пайызы жаяу жүргіншілердің өздерінің кінәларынан болып, 13 адам қайтыс болған және де 84 адам жарақаттанған.

Балалардың қатысумен 81 жол апаты тіркелген. Жол апаттары салдарынан 3 бала көз жұмса, 85 бала жарақаттар алған. Сонымен қатар өткен жылы жол қозғалысын қадағалау барысында 45 332 жол ережесін бұзу дерегі анықталған. Олардың ішінде 43 474 жеке тұлға, 1 451 заңды тұлға жауапқа тартылған. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 6 328 жүргізуші ұсталған. 34 375 заң бұзушыға жалпы сомасы 63 млн теңгеден астам айыппұл салынып, оның 57 млн теңгесі өтелінген, бұл жалпы салынған айыппұлдың 90,3 пайызын құрайды. 2006 жылмен салыстырғанда өтелген айыппұлдың көлемі 16 пайызға артық.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы 220 ұйымға, соның ішінде жолаушылар тасымалдайтын көліктері бар 100 ұйымғе тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 129 нұсқама шығарылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны