11.05.2012, 11:24 3167

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Егін" ЖШС диірмен-макарон кешенінде макарон цехы іске қосылды

Бүгінгі күнге дейін кәсіпорын 70 тоннаға жуық макарон өнімдерін шығарған. Жобаның өндірістік қуаттылығы жылына 2000 тонна макарон өнімдерін шығаруға жетеді.

Астана. 11-мамыр. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысындағы "Егін" ЖШС диірмен-макарон кешенінде макарон цехы іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгінгі күнге дейін кәсіпорын 70 тоннаға жуық макарон өнімдерін шығарған. Жобаның өндірістік қуаттылығы жылына 2000 тонна макарон өнімдерін шығаруға жетеді.

Ұсақ және жайма макарон өнімдері италияндық озық технологияда елімізде өндірілген ұннан дайындалады.

"Егін" ЖШС диірмен-макарон кешеніндегі макарон цехы 2011 жылдың қазан айында Солтүстік Қазақстанның Есіл ауданында ҮИИД ММ аясында ашылған.

Қазіргі таңда кәсіпорын ішкі нарықта жұмыс істейді, болашақта шетелдік серіктестердің аясы кеңейеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны