08.01.2008, 16:19 2945

Солтүстік Қазақстан облысындағы кеден бекетінде ірі көлемдегі есірткімен ресейлік азамат ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы кеден бекетінде ірі көлемдегі есірткімен ресейлік азамат ұсталды

Көкшетау. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысындағы "Жаңажол" кеден бекетінде ірі көлемдегі героин партиясымен Свердловск облысының Туринск қаласының 42 жастағы тұрғыны қолға түсті. Бұл туралы агенттікке Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасындағылар хабарлады.

"Петропавловск қаласынан Ресейге бет алған азамат кедендік бақылау аймағында шекарадан өтуге қажетті құжаттарды рәсімдеген кезде оның автокөлігіне тексеру жүргізілген. Кинолог маман өзінің Луч атты иісшіл иті жанармай құтысында есірткі бар екеніне нұсқағанын растағаннан кейін, кезекті ауысым қызметкерлері автокөлікті сканер кешенінің көмегімен міндетті түрде тексеріп шығуға шешім қабылдайды", - деді кеден қызметінің подполковнигі Н. Гармаш.

Оның айтуынша, кеденшілер монитордан көліктің жанармай құятын құтысынан бөтен затты көрген. Кейін анықталғанындай, "21 килограмм 705 грамм героин 17 пластик бөтелкеге, ал 7,8 килограмм гашиш мотор бөлігіндегі пештің астына орама күйінде жасырылыпты". Келесі күні жүргізілген сараптама олардағы заттардың есірткі екенін дәлеледеді.

Есірткі тасушының үстінен 6 қаңтарда ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды : 24 баптың 3 тармағы (Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет), 250 баптың 1 тармағы (айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) және 259 баптың 2 тармағы (есірткілік заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу).

Кеденшілердің мәліметінше, 2007 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері 46 килограмнан астам есірткілік заттарды, соның ішінде 30,65 килограмм героин тәркіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны