03.10.2006, 15:15 2631

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі президентке өңірде 5,1 млн. тоннадан асатын рекордтық түсім жиналғанын хабарлады

АСТАНА. 3-қазан. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірде 5,1 млн. тоннадан асатын рекордтық түсім жиналғанын мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сіздің АҚШ-қа жасаған табысты сапарыңыздан кейін мен сізге Солтүстік Қазақстандықтардың күзгі жиын-терімді аяқтап, 5,1 млн. тоннадан асатын рекордтық түсім жинағанын, бір гектардан 16,2 центнер астық бастырылғанын хабарлаймын",- делінген Тайыр Мансұровтың атынан мемлекет басшысына жолданған хатта.

"Ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне қуатты қолдау көрсетуге бағытталған сіздің мемлекеттік саясатыңыздың арқасында ғана осындай табысқа қол жеткізу мүмкіндігі туындады",- деді әкім.

Т.Мансұров бүкіл солтүстік қазақстандықтардың атынан президентке жан-жақты қолдауы үшін ризашылық білдіре отырып, "облыс тұрғындары Қазақстанның дүниежүзіндегі негізгі бес астық экспорттаушы елдің санатына қосылуы үшін қолынан келгеннің бәрін істейді", деп сендірді. "Алдағы онжылдықта елімізде еңсерілетін ұлығаусар істерде әрқашан сіздің сенімді тірегіңіз боламыз деп сендіреміз",- делінген мәлімдемеде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны