25.09.2017, 14:45 4115

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi жердi тиiмсiз пайдаланғаны үшiн қолданылатын шараны күшейтудi ұсынды

Солтүстiк Қазақстан облысында 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiӊ Аграрлық мәселе жөнiндегi комитетiнiӊ көшпелi отырысы өттi.

Петропавловск. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысында 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiӊ Аграрлық мәселе жөнiндегi комитетiнiӊ көшпелi отырысы өттi. Мәжiлiс депутаттары, мемлекеттiк органдардыӊ басшылары, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер мен қоғамдық ұйымдардыӊ өкiлдерi жер заӊнамасыныӊ өзектi мәселелерiн талқылады.

Отырысты ашқан Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов аталмыш кездесудiӊ маӊыздылығын және дер кезiнде өткiзiлiп отырғандығын атап айтты. Сол сияқты ауыл шаруашылығымен айналысатындардыӊ әрқайсысыныӊ алдында тұрған мiндеттi, атап айқанда барлық технологияларды сақтап, жердiӊ әлеуетiн толық көлемде тиiмдi жүзеге асыру керектiгiн еске салды.

"Жыл сайын ауыл шаруашылығын мемлекеттiӊ қолдауы артып келедi. Жер -мемлекетке тиесiлi және пайдалану құқығымен берiлген басты қор. Бiздiӊ аграршылар ауыл шаруашылығы алқаптарын тиiмдi пайдалануға мол жауапкершiлiк жүктелгенiн еске сақтауға тиiс", -деп атап көрсеттi Құмар Ақсақалов.

Ауыл шаруашылығыныӊ вице-министрi Ерлан Нысанбаев заӊ жобасыныӊ негiзгi ережелерi мен министрлiктiӊ жанындағы жер реформасы жөнiндегi комиссияныӊ атқарған жұмысы туралы айтып бердi. Парламент Мәжiлiсiнiӊ депутаты Берiк Оспанов заӊнамаға енгiзiлетiн өзгерiстер туралы ақпаратты талқылауға ұсынды.

Қолданыстағы заӊнаманыӊ Солтүстiк Қазақстан облысында орындалуы туралы өӊiр басшысыныӊ бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров баяндады. Айдарбек Сейпiлұлыныӊ ақпараты бойынша, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiӊ үлесi 72%-ды құрайды. Оныӊ 1 млн. 582 мыӊ гектары шаруа қожалықтары мен фермерлiк шаруашылықтарға тиесiлi, яғни 16%-ы. Сол сияқты 5 млн. 370 мыӊ гектарда немесе 55%-нда 725 серiктестiк пен акционерлiк қоғам жұмыс iстейдi.

"Осыған қарамастан бiздiӊ жер алқаптары толық қуатында пайдаланылмайды. Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмдiгi үш жылда 1 млн. 30 мыӊ гектарды мемлекет меншiгiне қайтарды, оныӊ 383 мыӊ гектары жыртынды жер. Жыл сайынғы мониторингтiӊ қорытындысы бойынша үстiмiздегi жылы пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерi бұзушылықтарды жоймаған жағдайда қайтарып алуға жатады, ол -116 мыӊ гектар", -дедi Айдарбек Сапаров.

Облыс әкiмiнiӊ бiрiншi орынбасары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi бiр заӊды тұлғаға берудi 50 мыӊ гектарға дейiн шектеудi енгiзу қажеттiгiн алға тартты. Бұдан басқа, құрылтайшы аталмыш аумақта тiкелей тұруы қажеттiгi жайында ереже енгiзу керек.

Отырысқа қатысушылар жер заӊнамасы саласына қатысты өздерiн толғандыратын сауалдар қойды, олардыӊ барлығы қарауға алынды.

Кездесудiӊ соӊында Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жердiӊ әлеуетiн арттыру үшiн заӊнамалық деӊгейде тиiмсiз және сапасыз пайдалануға байланысты қолданылатын шараларды күшейтудi ұсынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны