15.03.2017, 19:31 5329

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ барлық 13 ауданыныӊ әкiмдерi жаӊадан тағайындалған өӊір әкiміне есеп берді

Солтүстiк Қазақстан облысына жаӊадан тағайындалған әкiм Құмар Ақсақалов жұмысыныӊ алғашқы күнiнде өӊiрдiӊ барлық 13 ауданыныӊ әкiмдерiн жеке-жеке қабылдады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Петропавловск. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысына жаӊадан тағайындалған әкiм Құмар Ақсақалов жұмысыныӊ алғашқы күнiнде өӊiрдiӊ барлық 13 ауданыныӊ әкiмдерiн жеке-жеке қабылдады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Икiмдер өӊiр басшысына 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөнiнде баяндап, сенiп тапсырылған аумақтарды одан әрi дамыту бойынша жоспарларын айтып бердi.

Өӊiрдiӊ басшысы алдағы таяу уақытқа жұмыстыӊ басымдықты бағыттарын белгiлеп, барлық басшылар мен әкiмдердiӊ жұмысы олардыӊ қызметтерiнiӊ нәтижесiн халық күнделiктi сезiне алатындай түзiлуi тиiстiгiн атап өттi. Бұл сындар облыстыӊ әрбiр басшысына бағаны қалыптастыру кезiнде негiзге алынатын болады.

"Теӊселе басып жүруге уақыт жоқ. Нақ осында және дәл қазiр iске көшу қажет. Айналаны өзгерте отырып, бiр мезгiлде өзiӊ өзгеруiӊ қажет", - дедi облыс әкiмi.

"Өз-өзiӊдi жетiлдiру, дамыту қажет, ескiрген стереотиптерден арылып, уақытпен бiрге аяқ басу керек. Жаӊа уақыт түйiткiлдi мәселелердi шешуде инновациялық жолдарды қажет етедi. Бұл басты талап. Бұл ретте, үздiк әлемдiк стандарттар мен тәжiрибелерге сүйену керек", - дедi Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ, ол шенеунiктердi қоғамдық бақылау мен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiӊ ашықтығын қамтамасыз етуге шақырды.

Сонымен қатар, айналада болып жатқан үдерiстерге жаӊаша көзқарастарды қалыптастыру қажеттiгiне көӊiл бөлдi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны