25.04.2008, 19:23 3076

Солтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны 6 мың метр телефон кабелін ұрлаған күдікті деп танылуда

Солтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны 6 мың метр телефон кабелін ұрлаған күдікті деп танылуда

Астана. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют АІІБ қызметкерлері Мамлют ауданының Токаревка ауылының екі тұрғынын 6 мың метр телефон кабелін ұрлаған күдікті ретінде ұстады, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ауыл тұрғындары екі түннің ішінде 6 мың метр сымды кесіп үлгерген, оның мысын олар түсті металл қабылдау орнына тапсырған.

Кдіктілер ешқайда кетпеу жөнінде қолхат берді. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің ұрлық жөніндегі 175-ші бабының 2- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде, шығын көлемі 80 мың теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны