21.02.2008, 17:59 2950

Солтүстік Қазақстан облысының өртке қарсы күрес қызметінің басшы қызметкерлері пара алғаны үшін тұтқындалды

Солтүстік Қазақстан облысының өртке қарсы күрес қызметінің басшы қызметкерлері пара алғаны үшін тұтқындалды

Астана. 21-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы өртке қарсы күрес қызметінің бөлім бастығының міндетін атқарушы, сондай-ақ, өз қызметкерін қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сатып алмақшы болған СҚО өртке қарсы күрес қызмет департаменті бастығының орынбасары пара алу дерегі бойынша тұтқындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

СҚО Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қызылжар ауданының тұрғыны өз мүлкін, атап айтқанда, қоймасын заңдастырмақ болып рұқсат беретін мекемелердің бәрін шарлап шыққан. Құжатқа ең соңынан өрт қызметкерлері қол қоюы тиіс болатын.

Алайда, СҚО өртке қарсы күрес департаментінің Қызылжар аудандық бөлім бастығының міндетін атқарушы өз қызметі үшін 20 мың теңге сұраған. Сол кезде әйел тиісті арызбен қаржы полициясына шағымданған. Ақшаны беру кезінде шенеунік қолға түсті.

"Сол күні ішкі қызмет майоры, өртке қарсы күрес қызметі департаменті бастығының орынбасары Қаржы полициясының қызметкерімен байланысқа шығып, бұл істі "жабу" үшін 240 мың теңге ұсынған. Ол тіпті мәселе "дұрыс" шешілген жағдайда сыйақы мөлшерін ұлғайтатыны жөнінде уәде де берген", деп хабарлады баспасөз қызметі.

СҚО Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Ерлан Жұмжаевтың айтуынша, бұл жыл басынан бері жоғарғы шенді шенеунік сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс жасаған алғашқы оқиға болып отыр.

Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қызылжар ауданы өртке қарсы күрес қызметінің бөлім бастығының міндетін атқарушы тұтқынға алынған. Ал оның басшысы ешқайда кетпеу туралы қолхат берген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны