13.06.2006, 19:19 2806

Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаменті 2006-жылдың 5 айында бюджетке 4,8 млрд. теңгенің кедендік төлемдерін аударды

ПЕТРОПАВЛОВСК. 13-маусым. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаменті 2006-жылдың 5 айында бюджетке 4,8 млрд. теңгенің кедендік төлемдерін аударды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша, өткен бес айда Қазақстанның кедендік шекарасынан өткен тауар ағынында экспорт импорттан артық болды. Мәселен, экспорттық операциялардың нәтижесінде 618,4 млн. тонна жүк тасымалданды. Бұл былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 1,4 есе артық. Импорттық операциялар бойынша тасымалданған жүктердің көлемі азайды. 2005-жылдың 5 айында 544 млн. тонна жүк тасымалданса, ағымдағы жылдың 5 айында бұл көрсеткіш 435 млн. тонна болған.

Сонымен бірге жыл басынан бері кедендік бақылау органдары 28 қылмыстық іс қозғады. Олардың 14-і есіркі саудасына қатысты деректер бойынша қозғалған. Ағымдағы жылы жалпы алғанда 10,2 килограм есірткілік заттар тәркіленді, оның 8,2 килограммы – мамыр айының үлесінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны