10.01.2010, 13:25 3126

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы 276 азаматты ақтап шығарды

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы 276 азаматты ақтап шығарды

Петропавловск. 10 қаңтар. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы 276 азаматты ақтап шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, азаматтарды ақтап шығару мәселелері жөніндегі қадағалаушы органға 625 шағып келіп түскен, оларды қарау нәтижесінде 276 азамат ақталып шықты, 349 шағым иесіне қолданыстағы заңнаманың нормалары түсіндірілді.

Атап айтсақ, облыстық прокуратураға Ресей Федерациясының Саратов облысында тұратын, нәубетке ұшыраған адамның 76 жастағы ұлы әкесінің ақталғаны туралы құжаттарды беруді сұрап шағымданған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, нәубетке ұшыраған азаматқа қатысты мұрағаттағы қылмыстық істі зерттеп шығу барысында белгілі болғанындай, оңтүстіктегі бір облыстың тумасы, 1905 жылы туған У есімді азаматтың өткен ғасырдың 30-шы жылдарының ортасында облыстық газеттің бас редакторы болып жұмыс істегендігі және 1938 жылдың 22 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша УНКВД үштігінің отырысының қорытындысы бойынша ату жазасына кесілгендігі анықталды. Бірақ 1959 жылдың наурызында ТУРКВО әскери трибуналының анықтамасымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша УНКВД үштігінің қаулысына сәйкес қылмыстық құрамның болмауына байланысты істі тексеру тоқтатылған. Ал отбасына олардың әкесі 10 жылға сотталып, 1944 жылы клетка перитониті дертінен қайтыс болды деген жауап берілген.

"Заңсыз нәубетке ұшыраған азаматтың туыстарына ақталу туралы анықтама жолданды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны