03.09.2009, 17:41 2751

"Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан" 500 кВ өңіраралық жоғары вольтті электр тарату желісі ағымдағы жылғы қыркүйекте іске қосылады

"Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан" 500 кВ өңіраралық жоғары вольтті электр тарату желісі ағымдағы жылғы қыркүйекте іске қосылады

Астана. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан" 500 кВ өңіраралық жоғары вольтті электр тарату желісі ағымдағы жылғы қыркүйекте іске қосылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа бүгін "KEGOC" АҚ президенті Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today. Қазақстан президентіне компанияның ағымдағы жылғы жеті айының қызметінің қорытындылары, оның одан әрі даму жоспары, сондай-ақ Қазақстанның электрэнергетикалық саласындағы инвестициялық жобалардың перспективалары туралы есеп ұсынылды.

Қ. Бозымбаев сондай-ақ "Солтүстік-Оңтүстік Қазақстан" 500 кВ өңіраралық жоғары вольтті электр тарату желісі - ірі инфрақұрылымдық жобасы құрылысының аяқталуы туралы хабардар етті.

2009 жылғы 21 тамызда желі текстік режімде жұмысқа қосылды. Осылайша компания Қазақстан халқына жолдауында аталған серпінді жобаны жүзеге асыру туралы президенттің тапсырмасын орындады. "Солтүстік-Оңтүстік" электр тарату желісі еліміздің орталық және оңтүстік өңірлеріне электр энергиясын жеткізуді екі есе арттыруды қамтамасыз етеді.

"KEGOC" АҚ басшысы желінің салтанатты іске қосылуы ағымдағы жылғы қыркүйекте Екібастұз қаласында "Екібастұз 1150" қосалқы стансасында жүзеге асырылатыны ұйғарылғанын мәлімдеді. Осыдан 30 жыл бұрын аталған қосалқы станса құрылысын бастау салтанатына Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысқанын айта кеткен жөн.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны