13.05.2014, 21:12 3215

Соңғы 2 жылда ТжКБ түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 10 %-ға көбейді - А. Сәрінжіпов

Бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов соңғы 2 жылда ТжКБ түлектерінің жұмысқа орналасуы 10 %-ға артқандығы туралы айтты.

Алматы. 13 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов соңғы 2 жылда ТжКБ түлектерінің жұмысқа орналасуы 10 %-ға артқандығы туралы айтты.

"Үш жылдың ішінде техникалық және кәсіби білім беру үшін бюджеттен бөлінетін қаржы екі есе көбейтілді. 2010 жылы ол 52 млрд. теңгені құраса, 2013 жылы 91 млрд. теңгеге жетті. Колледждердің шеберханаларын жабдықтау мақсатында қаржы 6 есе арттырылды. Дәлірек айтатын болсақ, 2010 жылы 800 млн. теңге бөлінсе, 2013 жылы 5, 5 млрд. теңге қарастырылды. Бұл осы бағытта үлкен жұмыс атқарылып жатқандықтық айқын көрінісі", - деді А. Сәрінжіпов.

Сонымен қатар, ол соңғы 2 жылда ТжКБ түлектерінің жұмысқа орналасуы 10 %-ға артқанын тілге тиек етті.

"Техникалық, кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту бойынша аймақтарда үлкен жұмыс атқарылуда, пилоттық жоба Шығыс Қазақстан облысында енгізілуде, жақында біз өңірге бардық, айта кету керек, жоспарлау жүйесінің енуі қаржыландыру біліктілігін арттырып, мемлекеттік тапсырыстың реттелуін жетілдіреді", - деді министр.

Сондай-ақ, ол ҮИИД даму мемлекеттік бағдарламасының 2015-19 жылдарға арналған 96 жобасын жүзеге асыру үшін өңірлердегі 10 үздік колледж базасында 35 мың маман дайындалатын болады. Оның ішінде үштен бірі техникалық мамандық бойынша.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны