10.04.2008, 18:44 10479

Соңғы 4 жылда Қазақстанда 13 лаңкестік және 1 экстремистік ұйымның іс-әрекетіне тыйым салынды

Соңғы 4 жылда Қазақстанда 13 лаңкестік және 1 экстремистік ұйымның іс-әрекетіне тыйым салынды

Астана. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Соңғы 4 жылда Қазақстанда 13 лаңкестік және 1 экстремистік ұйымның іс-әрекетіне тыйым салынды. Бұл жөнінде ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов бүгін өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ресми өкілдің айтуынша, соңғы 4 жыл ішінде Республикамыздың Бас прокурорының өтініші бойынша сот орындары: "Ил-Каеда", "Шығыс Түркістанның ислам партиясы", "Күрт халық конгресі", "Өзбекстанның ислам қозғалысы", "Асбат-әл-Ансар", "Мұсылман бауырлар", "Талибан" қозғалысы, "Бозғұрд", "Орталық Азия моджахедтер жамияты", "Лашкар-и-Тайба", "Илеуметтік реформалар қоғамы", "Шығыс түркістанды азат ету ұйымы", "АУМ Синрике", және "Хизб-ут-Тахир" сияқты 13 лаңкестік және 1 экстремистік ұйымның іс-әрекетіне тыйым салды.

"Терроризм мен экстремизм бүгінгі күні бүкіл дүние жүзі халқын ерекше алаңдатып отырған ерекше шетін мәселе. Илемнің түкпір-түкпіріндегі түрлі лаңкестік актілер саны жылдан жылға артып отырғаны осының айқын дәлелі",- деді С.Нұрпейісов.

Осыған орай прокуратура органдары Қазақстан аумағында терроризм мен экстремизмнің алдын алу жолында мақсаткерлікпен үздіксіз тиянақты жұмыс жүргізіп келеді. Прокуратура қызметкерлері ең алдымен "Экстремизге қарсы әрекет туралы", "Лаңкестікпен күрес туралы" заңдардың және халықаралық келісімшарттардың қабылдануына белсене қатысып, елімізде терроризм және экстремизммен күрестің құқықтық негізін жасауға лайықты атсалысты.

Бұл шетелдік ұйымдарды сондай-ақ Шанхай ынтымақтастығы ұйымы да лаңкестік деп танып, олардың көбісі сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің, Европалық одақтың шешімдеріне және АҚШ президентінің жарлықтарына сәйкес халықаралық террористік ұйымдар тізіміне енгізілген. Мәселен АҚШ президентінің жарлығына сәйкес "Өзбекстан ислам қозғалысы" "Ил-Каедамен" бірдей осындай лаңкестік ұйым тізіміне енгізілді.

2004 жылы еліміздің құқық қорғау органдары халықаралық террористік ұйымның құрылымдық бір буыны болып табылатын, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей аумақтарында әрекет етіп жүрген "Орталық Азияның моджахеттер жамиятының" лаңкестік тобын анықтап, жойды. Бұл топтың басшылары мен мүшелері және оған қол ұшын бергендер ұсталды, бір өкініштісі олардың 9-ы Қазақстан азаматтары болып шықты. Оның үстіне Оңтүстік Қазақстан облысынан жанкештілікке даярланған 4 адам тағы ұсталды. Артынан Алматы мен Шымкентте әрекет етуге тиіс бұл топтың қылымыстық қимылдарын "Ил-Каеда" қаржыландыратыны және олардың бұдан бұрын Өзбекстанда лаңкестік актілер жасағаны анықталды.

"Шығыс Түркістанның ислам партиясының" жақтастары Алматы аймағында байқалды. Дәл осы ұйымның мүшелері 2000 жылы Алматы қаласында екі полиция қызметкерін өлтірген, ал ұстау кезінде қарулы қарсылық көрсетіп, ақыры сол арада олардың көзін жоюға тура келді.

Сондай-ақ осы партияның мүшелерінің Қазақстан және басқа да ТМД елдері аумағында "азат ету қозғалысы" қажеттеріне қаражат жинап, содырлар тартумен айналысқаны да анықталды.

Бұл партияның негізгі мақсаты - Қытайдағы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының аумағында Шығыс Түркістан мемлекетін құру.

"Күрт халық конгресінің" де іс-әрекеті осыған ұқсас. Түркияның оңтүстік-шығысында тәуелсіз күрд мемлекетін құруды мақсат тұтқан олар да аталмыш аумақтарда ақша жинастырып, Түркияда қарулы қарсылық көрсету ұшін содырлар дайындамақ болған.

1998-1999 жылдары Алматыда күрд диаспорасының серкелері мен белсенділері Түркия еліне қарсы бірқатар экстремистік акциялар ұйымдастырды. 2006 жылы да осындай әрекеттің жолы кесілді.

2002 жылы Евроодақтың шешімімен бұл ұйым халықаралық лаңкестік ұйым тізіміне енгізілді.

Елдегі конституциялық құрылымды құлатып, ислам мемлекетін құру үшін құрылған "Өзбекстанның ислам қозғалысының" серкелері Қазақстанды Өзбекстанда экстремистік әрекеттер ұйымдастырудың "плацдармы" және бой тасалау мен түрлі әрекеттердің "базасы" ретінде пайдаланғысы келеді.

Мәселен, 1999 мен 2002 жылдар арасындағы 3 жыл ішінде біздің елімізден осы қозғалыстың Өзбекстан іздеу салған 13 мүшесі және содыры ұсталды.

1998 жылы Шымкентте Египетте өткен ғасырдың 20-шы жылдары біртұтас мұсылман мемлекеті - "Халифат" құруды діттеп жасақталған "Мұсылман бауырлар" ұйымы мүшелерінің іс-әрекеті анықталды.

Египет және Иордания азаматтары тәуелсіз араб тілі институтында және "Дар-әл-Ирхам" медресесінде жұмыс істей жүріп тек оқытушылықпен ғана емес, "жауынгерлік" ислам идеяларын дәріптеп, осы ұйымның ұясын құру әрекетімен айналысқан.

"Илеуметтік реформалар қоғамының" да іс-әрекеті осыған ұқсас. Қазақстандағы өкілеттігі 1998 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан олар Шымкентте Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясы және қыз балаларға арналған пансионат ашып, оған Кувейт 5 жыл ішінде жарты миллион АҚШ долларын құйған. Бір қарағанда ізгілікті іс атқарып жүрген болып көрінентін бұл ұйымның түпкі ойы ТМД елдерінде Дүниежүзілік ислам халифатын құрып, ол үшін басқа діндерге дұшпандық көзқарасты қалыптастырып, Солтүстік Кавказдағы лаңкестік пен қарулы жиһадты құпия түрде қаржыландырып отыру болған.

Шымкент ауданаралық экономикалық соты ақыр соңында бұл ұйымның өкілеттігі мен әлгі пансионатты жою туралы шешім шығарып, олардың мүлкін мемлекет кірісіне аударды. Білім министрлігі болса аталмыш академияның лицензиясын қайтып алды.

Кезінде өзінің қанқұйлы әрекеттермен Жапония тұрмақ бүкіл дүниежүзін түршіктірген "АУМ Синрике" ұйымының жасырын ұясын Ұлттық қауіпсіздік органы Қызылордадан тапты.

"Хизб-ут-Тахрир-әл-Ислами" діни партиясы Қазақстанда 1998 жылдан бастап белгілі бола бастады. 2004 жылға дейін олар негізінен еліміздің оң түстігінде әрекет етсе, одан кейін олардың ізі республикамыздың көптеген аймақтарында байқала бастады.

Мысалға айтар болсақ, осы партияның 30 басшылары мен белсенділерін қылмыстық жауапкершілікке тартқан Қарағанды қаласы сотының үкімі жақында ғана күшіне кірді. Соңғы жылдары олардың бұдан басқа да 20 мүшесі сотталды.

Осы арада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тағы бір табысты ісін айта кеткен жөн: осы орган қызметкерлерінің алдын алу жұмыстарының арқасында "Хизб-ут-Тахрир" партиясының 178 мүшесі одан бас тартып, 5 мың дана экстремистік әдебиетті өз еріктерімен өткізді.

Олардың жұмысы осымен тоқтап қалды деуге әрине негіз жоқ. Олардың бөтен ойлы материалдары әр жерден әлі де болса көрініп қалып жүр. Ал бұл партияның негізгі ойы өз жақтастарын барынша көбейту арқылы немесе мемлекеттік төңкеріс жасап билікті иеленіп, конституциялық құрылымды өзгертіп "Халифат" құру екені белгілі. Партияның бұл идеясы көптеген мұсылман елдеріне таралған, Европада басшылық жасайтын офистері де бар.

Осы жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының өтініші бойынша Астана қаласының соты тағы бір ұйымды - "Түркістан ислам партиясының" қызметіне елімізде тыйым салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны