14.09.2016, 12:09 2139

Соӊғы 5,5 жылда 380-нен астам қазақстандық шетелдерге емделуге жіберілді

2011 жылдан бастап 385 Қазақстан азаматы мемлекеттік қаражат есебінен шетелге емделуге жіберілді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2011 жылдан бастап 385 Қазақстан азаматы мемлекеттік қаражат есебінен шетелге емделуге жіберілді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Қазақстандықтарды тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан ҚР азаматтарын шетелде емделуге жіберу мәселелері бойынша Жұмыс органы құрылып, Бюджет қаражаты есебінен ҚР азаматтарын шетелде емделуге жіберу туралы ережелер (әрі қарай - Ережелер) бекітілді

2015 жылғы 30 маусымдағы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрініӊ бекіткен бұйрығы бойынша қолданыстағы Ережеге сай Қазақстан азаматтарыныӊ келесі санаттары шетелге жіберіледі:

Қазақстандағы медициналық ұйымдарда емдеу мен диагностикалаудыӊ рұқсат етілген барлық тәсілдері қолданылып, олардыӊ емдеу тиімділігініӊ нәтижесі болмаған жағдайдыӊ көрсеткіштері бар 0 мен 18 жас аралығындағы балалар;

Кәмелетке толған азаматтар 8 нозология бойынша:

- Мидыӊ хирургиялық қолжетімсіз және функциялық елеулі аумағындағы радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) талап ететін артерия-веналық мальформациялары мен ісіктері;

- Эндоваскулярлық емдеу үшін ми діӊі, жұлын тамырларыныӊ артерия-веналық мальформациялары және артериялық аневризмдер;

- Трансоральдік алып тастау үшін бассүйек негізініӊ ісіктері.

- Радиохирургиялық емдеуді (гамма-пышақ, радио белсенді аппликаторлар) талап ететін көздіӊ қатерлі ісіктері;

- Кератопротездеу;

- Жүректі, бүйректі, бауырды, өкпені, жұлынды транспланттауды талап ететін аурулар;

- Өӊеш стеноздары;

- Трахея стеноздары;

ҚР Президенті пен Премьер-министрініӊ тапсырмасы бойынша қызметтік міндеттерін орындау барысында ауыр жарақаттар алып, Қазақстандағы медициналық ұйымдарда емдеу мен диагностикалаудыӊ рұқсат етілген барлық тәсілдері қолданылып, олардыӊ емдеу тиімділігініӊ нәтижесі болмаған жағдайдыӊ көрсеткіштері бар мертіккен құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлері ерекше жағдайларда.

Сырқаттанған адамды шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туындаған жағдайда Жұмыс органы Қазақстан азаматына барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетін емхананы қарастырады.

Сонымен, 2011 жылы шетелге 78 пациент, оныӊ ішінде 17 ересек және 61-і бала жіберілді. 2012 жылы - 64, оныӊ ішінде 17 ересек, 47 бала, 2013 жылы - 64 (18-ересек, 46-бала) адам, 2014 жылы - 70 (45 ересек, 25 бала), 2015 жылы - 57 (30 ересек, 27 бала) адам жіберілді.

2016 жылы шетелдік емхананы анықтау бөліміне аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларынан 176 өтішніш келіп түсті. ҚР азаматтарын шетелдік медицниалық ұйымдарға емделуге жіберу бойынша Комиссияныӊ 11 отырысы өтті. Комиссия келесі шешімді қабылдады: 52 пациентті шетелге жіберу, 12-не Қазақстандағы шеберлік сыныптары аясында емдеу, 80 пациентті Қазақстандық медициналық ұйымдарында емдеу. Өзге өтінімдер қарастырылып жатыр.

Соӊғы жылдары қазақстандықтар үшін еліміздегі жаӊа қымбат медициналық технологиялар қолжетімді болып отырғанын атап айту керек. 2010 жылы республикада диагностикалау мен емдеудіӊ 40-қа жуық жаӊа технологиясы енгізілді. 2015 жылы оныӊ саны 120-дан асты. Отандық дәрігерлердіӊ біліктілігін арттыру мен тәжірибесін мақсатында үздік шетелдік мамандарды шақыру арқылы шеберлік сыныптарын өткізу тәжірибесі енгізіліп отыр.

Шетелде өздігінен емделуге кеткен Қазақстан азаматтары көрсетілген медициналық қызметтер шығынын мемлекет қаржысы есебінен төленуін талап ете алмайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны