16.08.2007, 18:19 3054

Соңғы екі аптада елімізде сайлау науқанының барысына әсер ететін қандай да бір елеулі заң бұзушылық болған жоқ - Бас прокуратура

Прокуратура органдары тамыздың 3 мен 16 аралығында сайлау науқанының барысына әсер ететін қандай да бір елеулі заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 16-тамыз. Kazakhstan Today. Прокуратура органдары тамыздың 3 мен 16 аралығында сайлау науқанының барысына әсер ететін қандай да бір елеулі заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов құлағдар етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Бас прокуратура сайлау үдерісінде заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында бұл саладағы заңдылықтың жәй-күйіне мониторинг жүргізуді одан әрі жалғастыруда",- деді ол.

Дегенмен, ресми өкілдің айтуынша, "сайлау үдерісіне қатысушылардың құқығы мен мүддесіне қатысты жекелеген заң бұзушылықтар анықталды". "Көп жағдайда заң бұзушыларға ескерту сипатындағы шаралар ғана қолданылды",- деді С.Нұрпейісов.

Заң бұзушылықтардың негізгі бөлігі сайлау компаниясының сайлау алдындағы үгіт кезеңінде көрінді, деді ол.

Оның айтуынша, мұндай заң бұзушылықтарды бұрын болғандай бұқаралық ақпарат құралдары да жіберген.

"Атап айтқанда, газет беттерінде орналасқан үгіт материалдарында міндетті мәліметтер болмаған, яғни бұл мақалалар үшін төленген қаражаттар жөнінде деректер берілмеген. Одан басқа, бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірлер сауалнамасын жариялау кезінде қанша адам жауап бергенін, сауалнама нәтижелерінің ауытқу коэфициентін, ақпаратты жинау әдісін, сұрақтың нақты қойылысы мен сауалнаманы қаржыландырған ұйымды көрсетпеген",- деді өкіл.

"Қазақстан Республикасының Икімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 107-бабына сәйкес үгіттеу материалдарын қасақана жою және бүлдіру әкімшілік жауапкершілігімен қарастырылады. Осыған қарамастан үгіт материалдарын бүлдіру фактілері орын алуда",- деді Бас прокуратура өкілі.

Оның айтуынша, "Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының прокуратура органдары Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан депутаттыққа үміткерлердің баспа үгіт материалдарын қасақана жою фактісі бойынша Икімшілік құқық бұзушылық кодексінің жүз жетінші бабы бойынша 2 әкімшілік іс қозғады".

Сонымен бірге, бірге жергілікті өкілетті органдар-мәслихаттарға сайлау жүргізу барысында да кейбір заңнама талаптарын бұзға жол берілген.

"Сайлау комиссиялардың 2007 жылдың 15 тамыздағы жағдаймен салық қызметі органдары жүргізген тексеру нәтижесі бойынша, тиісті сайлау комиссиялары Конституциялық заңның 104-бабының 6-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының мәслихаттарына депутаттыққа 100 үміткерді тіркеу туралы шешімдердің күшін жойды",- деді С.Нұрпейісов.

Жалпы алғанда прокуратура органдары 3 және 16 тамыз аралығында 56 заң түсініктемесін берді, әкімішілік заң бұзушылықтар бойынша 3 өндіріс қозғады, 4 наразылық енгізді.

"Прокуратурамен бірге сайлау үдерісі басталғаннан бері еліміздің соттары қарауында түрлі заң бұзушылықтар жөнінде азаматтардың 97 талап арызы түсті, оның 88-і сайлау комиссияның әрекетіне, 1-уі - әкімдіктің, 3-уі депутаттықа үміткерлердің заңсыз әрекетіне, 2-уі - газет редакцияларына, үшеуі мәслихаттардың әрекетіне қатысты. Сот 42 талап арызды қарады, оның 13-і қанағаттандырылды, 28 қанағаттандырудан бас тартылды, бір жағдайда ғана бейбіт келісімге келді",- деді өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны