18.03.2010, 17:15 3148

Соңғы екі жыл ішінде аң шаруашылықтарына бекітіліп берілген аймақтарда 167 киік атылды

Соңғы екі жыл ішінде аң шаруашылықтарына бекітіліп берілген аймақтарда 167 киік атылды

Астана. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Соңғы екі жыл ішінде аң шаруашылықтарына бекітіліп берілген аймақтарда 167 киік атылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бас прокуратура аңшылық шаруашылықтарымен бекітілген аңшылық алқаптарды пайдалану кезіндегі заңдылықтың сақталуы мәселелерін зерттеді. Талдау аталған ұйымдардың аңшылық шаруашылығын жүргізу туралы мәмілелердің шарттарын сақтамауы, жануарлар әлемін қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олармен күрес жүргізу жөніндегі қорықшылар жұмысының сапасыздығы орын алған аң және құстардың сұғанақ аңшылық жолымен жойылу фактілерінің басты себебі болып табылатынын көрсетті.

Мысалы, өткен жылы Батыс Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы жалпы саны 150 адамды құрайтын аңшылық шарушылықтарының қорықшыларымен жануарлар әлемін қорғау саласында бірде бір заң бұзушылық анықталмаған.

Бұл ретте соңғы екі жыл ішінде аңшылық шаруашылықтарына бекітіліп берілген аймақтарда киіктерді заңсыз атудың 37 фактісі тіркелген.

Талдау нәтижелері бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне бұл саладағы заңнаманы жетілдіру туралы бірқатар ұсыныстар берілді. Нақтырақ айтқанда, қорықшылардың заңсыз аң аулауға қатысу фактілері анықталған жағдайда қорықшылық қызметтен босату арқылы олардың жауапкершілігін арттыру ұсынылды. Сонымен қатар, алдындағы аңшылық шаруашылығын жүргізу туралы келісім-шарт бойынша міндеттер орындалмаған жағдайда аңшылық шаруашылықтарын тиісті алқаптарды қайта бекітуге басымдық құқығынан айыру ұсынылады. Аңшылық шаруашылықтарының жауапкершілігін және қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар қолдану жөнінде өзге де ұсыныстар жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны