08.01.2013, 17:42 3315

Сот Кеден комитетінің бұрынғы басшысы Баймағанбетовті 10 жылға соттау туралы үкім шығарды

"ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін Баймағанбетов айыпты деп танылып, сол бапқа сәйкес қатаң режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтету және мүлкін тәркілеу арқылы 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілсін", - деді Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Қосмұратов.

Астана. 8-қаңтар. Kazakhstan Today - Сот Кеден комитетінің бұрынғы басшысы Баймағанбетовті 10 жылға соттау туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағанбетов айыпты деп танылып, қатаң режимдегі түзеу мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

"Сот үкіміне сәйкес, Серік Баймағанбетов ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 2-бөлімінде қарастырылған қылмыс жасау айыбы бойынша кінәсіз деп танылып, қылмысты жасағанын дәлелдейтін айғақтардың жоқтығына байланысты ақталсын. ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлімінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін Баймағанбетов айыпты деп танылып, сол бапқа сәйкес қатаң режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтету және мүлкін тәркілеу арқылы 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілсін", - деді Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Қосмұратов.

Естеріңізге сала кетейік, кеден комитетінің бұрынғы басшысы Баймағанбетов облыстық кедендік бақылау департаменттерінің біріне басшы орынбасарын тағайындау қызметі үшін бөліп-бөліп, жалпы сомасы 80 мың доллар көлемінде пара алды деп айыпталған болатын. Одан бөлек, Баймағанбетовке кедендік бақылау органдарына өз қызметтік міндеттерін мүлде орындамаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау туралы заңсыз тапсырма беру арқылы өз қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып та тағылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны