15.01.2021, 18:19 14713

Сот жүйесі жетілдірілуі тиіс - Тоқаев

Нұр-Сұлтан. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Сот жүйесі жабық корпорация болмауға тиіс, деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылған Парламенттің бірлескен отырысының ашылуында, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сот жүйесі жабық корпорация болмауға тиіс. Сондықтан, сот корпусын едәуір жаңартып, оған түрлі құқық салаларының мамандарын тарту керек. Үміткерлерді іріктеген кезде олардың кәсіби тәжірибесімен қатар, жеке қасиеттерін де ескерген абзал", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

 
Тоқаев реформаларды сапалы заңдар арқылы жүргізу - ұзақ мерзімді табыстың басты шарты екеніне сенімді.
 

Жаңартылған депутаттық корпус өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаратынына сенімдімін. Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес. Бұл – аксиома, ақиқат. Осы орайда, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайта түсу үшін реформаны соңына дейін жеткізуіміз керек", - деді Тоқаев. 


Бұған дейін Президент бұқаралық және балалар спортының, сондай-ақ, Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің дамуына қатысты пікір білдірген болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны