24.01.2014, 20:18 4653

Сотталғандарға медициналық қызмет көрсету Денсаулық сақтау министрлігіне көшіріледі - А.Шпекбаев

"Қазіргі таңда бас бостандығанан айырылғандар мен айыпталушыларға медициналық қызмет көрсетуді Ішкі істер министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілеттігіне ауыстыру ұсынылуда", - деді А. Шпекбаев.

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. Сотталғандарға медициналық қызмет көрсетуді Денсаулық сақтау министрлігіне беру ұсынылуда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Президенті Икімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев хабарлады.

"Қазіргі таңда бас бостандығанан айырылғандар мен айыпталушыларға медициналық қызмет көрсетуді Ішкі істер министрлігінен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілеттігіне ауыстыру ұсынылуда", - деді А. Шпекбаев.

Сондай-ақ, бұдан кейінде құқық қорғау органдарынан өздеріне тән емес функцияларды алып тастау жұмыстары жалғаса береді деп атап өтті.

Сонымен қатар, интеллектуалды жүйе мен инновациялық технологияны дамытуға, мониторинг және қоғамдық кауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

"Біз болашақта да қылмыстық ахуалға әсер ету үшін заманауи әдістерді пайдалана береміз. Жеке және заңда тұлғалармен қатынасқа түспей-ақ құқық бұзушылық әреткетте әшкерелеу немесе қылмысты болдырмау үшін алдын ала ірекет ететін боламыз. Осы мақсатта Бас прокуратура еліміздегі 61-ден астам құқық қорғау органдары мен қоса басқа да органдардың ақпараттық базасын біріктірді", - деп ол өз ойын қорытындылады.

2012 жылдың қорытындысы бойынша, ортақ жүйеге 49 ақпараттық база топтастырылған болса, өткен жылдың ішінде қосымша 12 мемлекеттік мекеменің жүйесі тартылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны