10.12.2007, 17:41 3693

Соттар сотталғандарды мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығару барысында жасалған қылмыстан зардап шеккендердің пікірлерін ескеруге міндетті - ҚР Жоғарғы соты

Соттар сотталғандарды мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығару барысында жасалған қылмыстан зардап шеккендердің пікірлерін ескеруге міндетті - ҚР Жоғарғы соты

Астана. 10-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты судьяларға сотталғандарды мерзімінен бұрын босату туралы шешім шығару барысында жасалған қылмыстан зардап шеккендердің пікірлерін ескеруге міндетті екендіктерін еске салды. Мұндай ереже «Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жазаға ауыстыру туралы» нормативтік қаулының жобасында қаралған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының жалпы отырысының үзілісінде сот Тұрғын Берқалиева мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Жоғарғы сот судьясының түсіндіруінше, осы мәселе бойынша қолданыстағы нормативтік қаулы 2001 жылдың 13-желтоқсанында қабылданған, ал «осы уақыт ішінде қылмыстық, қылмыстық-процессуальдық және қылмыстық атқару заңнамаларына айтарлықтай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді». «Сотталғандардың жазасын өтейтін әкімшілік мекемелер жәбірленушіге сотталған азамат заң бекіткен жазасының белгілі бір бөлігін өтегендігі туралы және сотқа оның жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен босатылатындығы немесе қалған бөлігінің жеңілдетілетіндігі туралы сотқа ұсыныс жіберілетіндігі туралы хабардар етуі позитивті өзгерістердің бірі болып табылады»,- деді Т. Берқалиева.

«Және де жәбірленуші өз пікірін сот отырысында жазбаша немесе ауызша айтады. Сот сондай-ақ заң бойынша жәбірленушіге немесе оның өкіліне алда болатын сот отырысы туралы және аталмыш мәселе бойынша шешім шығару барысында оның пікірі ескерілетіндігі туралы хабардар етеді, сонымен қатар, оны өз қаулысында көрсетуге тиіс»,- деп қосты ол. Оның айтуынша, бүгінде «жәбірленуші осы мәселе бойынша сот шешімін апелляцияға беру арқылы да, қадағалау тәртібі ретінде де шағымдана алады. «Бұрын аталмыш мәселе бойныша сот шешіміне қарсы тек апелляциялық тәртіп бойынша ғана шағымдана алатын»,- деп түсіндірді сот.

Сонымен қатар, оның айтуынша, шартты түрде мерзімен бұрын босату туралы шешімге қарсы шағым беру мерзімінің шектелуі туралы қылмыстық-процессуалдық кодекстің 461-бабына сәйкес, сотталғанның жазасын тек 6 ай ішінде қатайтуға болады. «Яғни, егер сот жәбірленушінің шағымынан бас тартса, ал апелляциялық мекеме сот шешімі дұрыс емес деп санап, істі жаңадан қарау барысында басқа шешім қабылданса, онда сотталғанның жазасын тек 6 ай ішінде қатайтуға болады.

Аталмыш мерзім өтіп кеткен жағдайда сотталғанның жазасын қатайтуға болмайды (сот шешімін қайта қарауға - агенттік тілшісі)» - деп нақтылады Жоғарғы сот өкілі. «Бұл ереже сондай-ақ жазасын өтеуден шартты түрде мерзімен бұрын босату немесе жазаның бір бөлігін ауыстыру туралы материалды қарау кезінде де қолданылады»,- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны