18.06.2009, 13:34 2552

Соттың "Қарағанды қалалық саентология шіркеуі" Діни бірлестігін тарату туралы шешімі күшіне енді

Соттың "Қарағанды қалалық саентология шіркеуі" Діни бірлестігін тарату туралы шешімі күшіне енді

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Соттың "Қарағанды қалалық саентология шіркеуі" Діни бірлестігін тарату туралы шешімі күшіне енді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Бас прокуратурасының хабарламасына сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер бойынша алқасының 2009 жылдың 12 маусымындағы қаулысымен мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2009 жылдың 16 ақпанындағы "Қарағанды қалалық саентология шіркеуі" Діни бірлестігін тарату туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Аталған діни бірлестік жетекшісінің және қорғаушысы Л.Дроворубтың апелляциялық шағымдары қанағаттандырылған жоқ.

Қарағанды қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2009 жылдың 16 ақпанындағы Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы прокурорының "Қарағанды қалалық саентология шіркеуі" Діни бірлестігін тарату туралы талап-арызын қанағаттандырғанын естеріңізге саламыз.

Талап-арыз беруге шіркеудің Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптеріне қайшы келіп, Қазақстан халқының денсаулығына нұқсан келтіретін қызметі негіз болған.

"Саентологтар адамдардың санасын өзгертетін медициналық технологиялар қолданған және де бұл жұмысты медициналық білімі жоқ тұлғалар, емдеу мекемелерінен тыс жерде жүзеге асырған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны