04.04.2016, 15:13 3963

Созақта МЖС аясында екі балабақша пайдалануға берілді

"Созақ ауданында мемлекеттік "Балапан" бағдарламасыныӊ орындалуы 81,3 пайызды құрап, 3026 бала тәрбиеленуде. Жыл соӊына дейін тағы балабақаша ашуды жоспарлап отырмыз. Балалар - біздіӊ болашағымыз. Жас өскін ұрпақтыӊ жарқын күлкісіне толатын балабақшаныӊ ашылуымен барлығыӊызды құттықтаймын", - деді мекеменіӊ салтанатты ашылу сәтінде сөз алған аудан әкімі М.Исаев.

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Созақ ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында екі бірдей балабақша пайдалануға берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Көктөбе елді мекеніндегі 100 орындық, Шаға елді мекеніндегі 50 орындық балабақша "Балдәурен" деп аталады. Ескі мектептіӊ ғимаратын алған жергілікті жеке кәсіпкер А.Шегебай, балабақшаға лайықтап жөндеу жұмыстарын жүргізіп, нысанды барлық талаптарға сай жабдықтаған. Балалардыӊ тәрбие мен білім алуына барлық жағдайлар жасалған мекемеде музыка залы, медициналық кабинет, қажетті ойыншықтардыӊ барлығы бар.

"Созақ ауданында мемлекеттік "Балапан" бағдарламасыныӊ орындалуы 81,3 пайызды құрап, 3026 бала тәрбиеленуде. Жыл соӊына дейін тағы балабақаша ашуды жоспарлап отырмыз. Балалар - біздіӊ болашағымыз. Жас өскін ұрпақтыӊ жарқын күлкісіне толатын балабақшаныӊ ашылуымен барлығыӊызды құттықтаймын", - деді мекеменіӊ салтанатты ашылу сәтінде сөз алған аудан әкімі М.Исаев.

Пайдалануға берілген екі балабақшада жергілікті 35 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етілді. Жақында мұнда тағы бірнеше адамды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Айта кетейік, қазіргі таӊда, Созақ ауданында 11 шағын орталық, 21 балабақша жұмыс істейді. Таяуда Шолаққорған ауылында 280 орындық балабашаныӊ құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны