28.02.2014, 23:14 12448

Стационарлар рейтингі медициналық қызмет көрсетудің ашықтығын қаматамасыз етуге бағытталған - ДСМ

Стационарлар рейтингі медициналық қызмет көрсетудің ашықтығын қаматамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы ҚР Президенті Жолдауының іске асырылу барысы жайлы республикалық кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.

Алматы. 28 ақпан. Kazakhstan today. Стационарлар рейтингі медициналық қызмет көрсетудің ашықтығын қаматамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы ҚР Президенті Жолдауының іске асырылу барысы жайлы республикалық кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлімдеді.

"Өткен жылы министрлік стационарларды бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізді. Жұмыс, бірінші кезекте, медициналық қызмет көрсетудің ашықтығын қаматамасыз етуге бағытталған. Осылайша медициналық қызмет ұсынатындарда ем нәтижесі мен сапасына деген жауапкершілік қалыптастырылуда", - дейді министр.

Оның айтуынша, "постдипломды оқытудың жинақтық несие-сағаты жүйесі академиялық деңгейдегі дәрігерлер мен білікті категорияларды алу мақсатында енгізілді".

"Сонымен стационарлар бөлінген қаражатты игеруде барынша өзіндерінше жұмыс істеуде. Қызмет пен кәсіптік деңгейге байланысты жоғарғы деңгейдегі менеджментті стационарлар мен дифференцияланған еңбек төлемі енгізіле бастады", - дейді Бас дәрігер.

Министрдің айтуынша, осыны енгізудің арқасында медиктерді ынталандыруға жол ашылады.

"Тиімді менеджментегі еңбекақы төлемі жүйесі медициналық қызметкерлердің барынша сапалы жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Нәтижесінде медициналық ұйымдар мен өңіррлік деңгейдегі бірінші жетекшілердің рөлі арта түсуде", - деді ведомство басшысы.

Төсек орын қоры 13 мыңнан астам төсекті науқастардың қажеттілігі бойынша өзгертті - С. Қайырбекова

Алматы. 28 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстанда төсек қоры 13 мыңнан астам төсекті науқастардың қажетілігі үшін қайта өзгертті. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің халыққа Жолдауын жүзеге асыру барысына арналған респибликалық жиналыста ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

"Бүгінде емделуші өзінің ауруханаға жатқызуын эклектронды портал "Ауруханаға жатқызу бюросы" арқылы өзі басқарады. Бүгінде осы басқару түрі төсек қорын дұрыс бөлуге мүмкіндік берді. Стационарлардың өздерінің ұсынысымен қажет емес профиль бойынша 10 мың төсек орын қысқартылды, ал науқастардың қажеттілігі бойынша 13 мыңнан астамы өзгертілді", - деді Салидат Қайырбекова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда төсек орны өзгертілетін көп салалы стационарлар дамытылуда.

"Төсек орнының айналымы, ем қабылдау уақытының азаюы бюджет қаражатын тиімді жұмсауға септігін тигізді. Жыл сайын 2 млрд. теңге көлемінде қомақты қаражат жоғары технологияларды дамытуға бағытталуда", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны