10.06.2009, 15:17 1687

Статистика агенттігінің бірқатар лауазым иелерінің заңсыз қызметіне байланысты Қазақстандағы халық санағының нәтижесі қайта қаралмайды - қаржы полициясы

Статистика агенттігінің бірқатар лауазым иелерінің заңсыз қызметіне байланысты Қазақстандағы халық санағының нәтижесі қайта қаралмайды - қаржы полициясы

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Статистика агенттігінің бірқатар лауазым иелерінің заңсыз қызметіне байланысты Қазақстандағы халық санағының нәтижесі қайта қаралмайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Киік" ЖШС құрылтайшысы Тұржанов бюджет қаржысын ұрлауға қатысты деген күдікпен ұсталған. Біз қазір тек Тұржановқа айып тағылады және заңмен беллгіленген мерзімде бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылданады деп қана айта аламыз. Қазір айып әзірге тағылған жоқ. Бірақ айып тағылады", - деді М. Жұманбай.

"Қазір кейбір БАҚ-тар халық санағының заңсыз өткізілгендігі туралы мәселе көтеруде. Бұл мәселе қаралып отырған жоқ және оған қарсы дау айтылған жоқ. Тек мәселе Статистика агенттігінің бірқатар лауазым иелерінің бюджет қаржысын ұрлау дерегі бойынша кінәсі жайлы ғана болуда", - деді ресми өкіл.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2009 жылғы халық санағы барысында бюджет қаржысын ұрлағаны үшін ҚР Статистика жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Нұрман Баянов тұтқындалды.

"Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағы өткізілгені барлығыңызға мәлім. Мемлекет бұл мақсатқа 1 млрд 144 млн теңге бөлген.

Аталған бюджет қаражатын мақсатты пайдалану бойынша өткізілген жедел тергеу іс-шараларының нәтижелерінде келесі мән-жайлар анықталды. Статистика агентігінің лауазымды тұлғалары мемлекетпен қарастырылып бөлінген қаражатты алдын-ала асырып көрсеткен, тіпті, кейін оны ысырап еткен",- деді М.Жұманбай.

Оның айтуынша, Статистика агенттігі төрағасының орынбасары Нұрман Баяновқа қызмет бабын пайдалана отырып халық санағын өткізуге қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салды деген айып тағылды. Ағымдағы жылдың 28 мамырында ол сот санкциясымен қамауға алынды.

Қаржы полициясының мәліметінше, Ұлттық халық санағы шын мәнінде 379 млн теңгеге өткізілгені, ал қаражаттың 764 млн 800 мың теңге мөлшеріндегі бөлігі лауазымды тұлғалар мен жеке кәсіпорындардың басшыларымен ысырап етілгені тергеумен анықталып отыр.

Мәселен, ресми өкілдің хабарлауынша, Статистика агенттігі санақ жүргізу құрал-жабдықтары бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы ашық конкурсты жариялаған. Оған қатысуға 14 ұсыныс келіп түскен, оның ішінде Санкт-Петербург қаласының "Типография Взлет" жабық акционерлік қоғамының ұсынысы да болған.

Алайда "Фирма КИІК" ЖШС ұсынысынан басқа 13 ұсыныс Баянов төрағалық еткен конкурстық комиссиямен негізсіз қайтарылған, ал конкурс жарамсыз деп танылған.

"Өздерінің қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында лауазымды тұлғалар санақ жүргізу құрал-жабдықтарын бір қайнар-көзден сатып алу туралы шешім қабылдаған, яғни, жоғарыда аталған "КИІК" фирмасынан алған",- деді М.Жұманбай.

Нәтижесінде аталмыш фирма құрал-жабдықтарды шын мәнінде 3 фирма арқылы 183 млн 300 мың теңгеге Санкт-Петербург қаласының "Типография Взлет" жабық акционерлік қоғамынан сатып алған. "КИІК" фирмасының өзі құрал-жабдықтарды тек 144 млн 900 мың теңгеге дайындаған, деді ресми өкіл.

Бюджеттік сұранысты дайындау кезінде Статистика агенттігінің лауазымды тұлғалары жалған бағалық ұсыныс негізінде бір бланкінің құнын 15 теңге деп көрсеткен, бюджеттік сұраныс қабылданған соң Баянов бір бланкінің құнын 7 теңге деп бекіткен, дәл сатып алудың алдында бұл соманы Баянов негізсіз 17 теңгеге ауыстырған.

"Осылайша, орындаушыға төлем қарастырылған барлық бюджетке жүзеге асырылған. Нәтижесінде агенттіктің бюджеттік сұранысында артық көрсетілген 764 млн 800 мың теңге ысырап етілген, оның 497 млн 800 мың теңгесі жалған кәсіпорындардың есепшоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған",- дейді ресми өкіл.

Бүгінгі күні барлық кәсіпорындарда кешенді тексерулер жүргізілуде, олардың есеп-шоттарына тыйым салынған.

М.Жұманбайдың хабарлауынша, ағымдағы жылдың 2 маусымында "Фирма КИІК" ЖШС бас директоры Александр Нисанов қамауға алынды. Оған аталған бюджет қаражатын ұрлауға ықпал етті деген айып тағылды.

Сондай-ақ, ресми өкілдің хабарлауынша, жоғарыда аталған бюджет қаражатын талан-таражға салуға қатысты деген күдікпен ағымдағы жылдың 2 маусымында Статистика агенттігі төрағасының орынбасары Бірлік Меңдібаев және "Фирма КИІК" ЖШС құрылтайшысы Серік Тұржанов ұсталды. Іс бойынша тергеу жүргізілуде",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны