28.04.2009, 18:06 3024

Степногорск қаласында құрамында алтыны бар 700 тонна кенді заңсыз өндіргені үшін "Байлюсты Алтын" ЖШС-нің бұрынғы директоры ұсталды

Степногорск қаласында құрамында алтыны бар 700 тонна кенді заңсыз өндіргені үшін "Байлюсты Алтын" ЖШС-нің бұрынғы директоры ұсталды

Көкшетау. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Степногорск қаласында облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері құрамында алтыны бар 700 тонна кенді заңсыз өндіргені үшін "Байлюсты Алтын" ЖШС-нің бұрынғы директорын ұстады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Республикада жер қойнауын пайдалануға құқық беретін құжаттары жоқ кәсіпорынға "Қазақалтын" АҚ-ның қызметкерлері кәсіпкер үшін құны 12 млн теңгені құрайтын, құрамында алтыны бар 700 тонна кенді заңсыз өндіруге септігін тигізген", - делінген хабарламада.

"Қылмыстық іс әзірге қозғалған жоқ. Ақмола облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері сауда-саттықтың егжей-тегжейін зерттеуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны