29.09.2017, 12:22 3940

Степногорск қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы шеӊберінде сумен жабдықтау жүйесін жаӊғырту жұмыстары жүргізілуде

Ақмола облысыныӊ Степногорск қаласында 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасы шеӊберінде сумен жабдықтау жүйесін жаӊғырту жұмыстары жүргізілуде.

Көкшетау. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Степногорск қаласында 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасы шеӊберінде сумен жабдықтау жүйесін жаӊғырту жұмыстары жүргізілуде.

Степногорск қаласында 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасы шеӊберінде сумен жабдықтау жүйесін жаӊғырту жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімдігініӊ мәліметі бойынша, күрделі жөндеу жұмыстары шаһардыӊ бірнеше шағын аудандары мен Заводской және Ақсу кенттерінде қолға алынған. Оны мердігер "БаЛи-Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Мұнда 93,5 шақырымға жуық желілер жөнделмек. Осы күні бұл құбырлардыӊ 90 пайызы тозған. Жобаныӊ құны 1,5 миллиард теӊгеден асады.

Мердігер компанияныӊ прорабы Игорь Карпенконыӊ айтуынша, бүгінгі күні негізгі жұмыстар аяқталған. Жақын арада көшедегі құдықтардан тұрғын үйлерге дейін су таратқыш құбырларды тарту жоспарланған. Елді мекендерде бұл жұмыстардыӊ 68 пайызы атқарылған. Осы орайда, қала әкімі Инуар Күмпекеев мердігер жұмысыныӊ қарқынын арттыру үшін қосымша топтар енгізіп отыр. Қала ішіндегі мөлтек аудандарға (4, 6 және 7) келсек, мұнда желілердіӊ 24 шақырымнан астамы қалпына келтірілді. Бүгінгі күні жұмыстыӊ 78 пайызы аяқталған.

"Степногорск су арнасы" коммуналдық кәсіпорныныӊ директоры Алексей Гетманов сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаӊғырту жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатқандығын айтты және ол жыл соӊына дейін толық аяқталады деп сендіріп отыр. Бұл өз кезегінде қала мен елдімекендерді сумен жабдықтау және санитарлық-ағымды жүйелерін жаӊғырту халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны