26.05.2010, 16:55 3245

"STOP-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде екі жезөкшелікпен айналысуға тарту оқиғасы анықталды - ІІМ

"STOP-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде екі жезөкшелікпен айналысуға тарту оқиғасы анықталды - ІІМ

Астана. 26 мамыр. Kazakhstan Today - "STOP-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде екі жезөкшелікпен айналысуға тарту оқиғасы анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Адам саудасына байланысты қылмыстарды ескерту, анықтау және ашу мақсатында өткен аптада республикада "STOP-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - адам саудасы, жезөкшелік, притон ұстау, жезөкшелікпен айналасуға тарту, пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру фактілерін анықтау болып табылады. Операцияны өткізу кезінде 6 адам саудасы, 2 пайдалану мақсатында адам сату, 2 жезөкшелікпен айналысуға тарту, 35 жеңгетайлық және притон ұстау фактілері анықталды",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны