23.02.2024, 21:18 62116

Студенттер үшін есірткіні "жасырып салушыға" қатысты үлгі ретінде сот отырысы көрсетілді

09.02.2024ж. Облыс прокуратурасының бастамасымен Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Alikhan Bokeikhan University және "Бизнес" колледжінің студенттерінің қатысуымен сот отырысы өткізілді, деп хабарлайды Абай облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Сотталушы "Н", "жасырып салу" арқылы сату мақсатында аса ірі мөлшерде синтетикалық заттарды сақтағаны үшін айыпталады. Оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бұл науқан есірткі мәселесіне және жастарға жеңіл ақша табу жолы қандай мәселеге алып келетініне назар аудару үшін басталды.

Сонымен қатар сот процесі аяқталғаннан кейін облыс прокуратурасы қызметкерлерімен студенттерге профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оларға есірткі заттарын сатумен байланысты қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік көзделетіні түсіндірілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны