18.04.2024, 11:53 60716

Су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 18 651 адам өз үйлеріне оралды

6 887 адам, оның ішінде 3 166 бала эвакуациялау пункттерінде
Су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 18 651 адам өз үйлеріне оралды
Сурет: ТЖМ
Жүргізілген су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында 18 651 адам өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен жануарларды эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 694 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 113 852 ауыл шаруашылық жануары қауіпсіз жерге айдалды.

6 887 адам, оның ішінде 3 166 бала эвакуациялау пункттерінде. 4 216 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,2 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 718 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы су астында қалуда.

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының психологтары су тасқыны қаупі бар өңірлердің тұрғындарына шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілікті атқаруда. Жедел желі телефонына 1 932 қоңырау түсті.

Зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 4211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Су жүрген 61 автожол, су шайған 66 автожол, оның ішінде 10 көпір және 56 жол төсемі бақылауда қалуда. 60 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды, оларға қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорлары құрылды.

Солтүстік Қазақстан облысында қардың қарқынды еруіне байланысты Тимирязев ауданының Тимирязев ауылдарында, Қызылжар ауданының Соколовка, Барневка, Долматов ауылдарында, Петропавл қаласының Подгора, Кожевенный шағын аудандарында, Заречный кентінде 386 жеке тұрғын үй су астында қалды. Тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Тартылған күштермен және құралдармен су сору жұмыстары жүргізілуде. Қызылжар ауданының Вагулино, Кустовое, Красноярка ауылдарына қауіпті аймақтан 180 ауыл шаруашылығы жануары қауіпсіз жерге айдалды. "Петропавл-Жезқазған" республикалық маңызы бар автожолдар арқылы судың жүруіне байланысты 2000 адам тасымалданды. Медициналық қызметке үш науқасты тасымалдауға көмек көрсетілді. 62 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Есіл өзенінің деңгейіне мониторинг жалғасуда.

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Кұйлыс және Нұра ауылдарынан Ырғыз ауылына әуе кемелерімен алдын ала 201 адам уақытша орналастыру пункттеріне эвакуацияланды, сондай-ақ Белшер ауылына 1 тонна гуманитарлық көмек және 0,2 тонна жанар-жағармай жеткізілді. Құйлыс ауылында Торғай өзенінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.

Батыс Қазақстан облысында Орал қаласының саяжай алаптарынан алдын ала 22 адам эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қаратөбе және Казталов аудандарының Қаратөбе және Жалпақтал елді мекендерінен Қалдығайты, Қараөзен өзендері арқылы жүзу құралдарымен 236 адам жөнелтілді. Орал өзенінде қорғаныс бөгеттерін салу, нығайту және су деңгейін бақылау жұмыстары жалғасуда.

Ақмола облысында Жарқайың ауданының Львовское ауылында Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты 4 жеке тұрғын үй су астында қалды. 10 адам эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Қостанай облысында Жангелді ауданының Байтұрсынов ауылынан Торғай ауылына 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізіліп, 6 тұрғын жөнелтілді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға азаматтық қорғау қызметтерінен 44 156 адам, 4 611 техника, 860 су сору құралы, 332 жүзу құралы, 18 әуе кемесі жұмылдырылды, сондай-ақ волонтерлер де белсенді қатысуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны