19.02.2013, 10:29 3431

Су тасқынының алдын алу іс-шараларына байланысты ҚР бірқатар облысының бюджеті көбейтілген

"Осы тапсырмаларға байланысты облыс мәслихаттары су тасқынына қарсы іс-шаралараға бюджетті ағымдағы жылғабәрін қосқанда 5,4 млрд-тан бастап 15,5 млрд-қа дейін артқан", - деді В.Божко.

Астана. 19-ақпан. Kazakhstan Today - Су тасқынына сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін Елбасының тапсырмасымен бірқатар облыс осы іс-шараларға бюджетті көбейтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдай министрі Владимир Божко ҚР Үкіметі отырысында мәлім етті.

"Осы тапсырмаларға байланысты облыс мәслихаттары су тасқынына қарсы іс-шаралараға бюджетті ағымдағы жылғабәрін қосқанда 5,4 млрд-тан бастап 15,5 млрд-қа дейін артқан", - деді В.Божко.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайларға бюджетті 19 есе, Астана қаласы - 15 есе, Қостанай 11 есе, Оңтүстік Қазақстан 5 есеге арттырған.

Оған қоса, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бюджеттен қосымша қаражат бөлмегенін атап өтті.

"Осы қалыптасқан жағдайға байланысты су тасқынына дайын болу шараларының тиімділігі төмендеуі мүмкін. Еліміздің солтүстік бөлігінде ақпан және наурыз айларында қар қалың жаууы мүмкін, бұл жағдайды ушықтарады", - деді министр.

ТЖМ басшысының мәліметтері бойынша қазіргі уақытта 759 гидротехникалық ғимарат тексерістен өтті, олардың 126-сы немесе 16,6% қосымша жұмыстар мен күшейтілген бақылауды талап етеді. 11 қараусыз су қойманың бесеуі инженерлік іс-шараларды талап етеді.

"Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында, Алматы мен Астанада арық-коммуналдық жүйелерін, су ағызатын науалар мен арықтарды, жауын-шашынға арналғанкәріз жүйесін тазалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп қортындылады В.Божко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны