18.07.2007, 14:16 2856

Судан құтқару қызметі мен халыққа хабар беру жүйесін Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына беру жоспарлануда

АСТАНА. 18 шілде. Kazakhstan Today. Судан құтқару қызметі мен халыққа хабар беру жүйесін Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына беру жоспарлануда. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов журналистерге берген сұхбатында құлағдар етті.

"Біз бұл мәселені үкіметке қойдық, үкімет бізді қолдады", - деді В. Храпунов.

Оның айтуынша, "судан құтқару қызметі мен халыққа хабар беру жүйесін Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына беру және басқа да барлық өзгертулер тиісті заң жобасында көрініс тапқан". "Үкіметтен қолдау тапқан бұл заң жобасы қыркүйекте парламенттің қарауына ұсынылатын шығар", - деді министр.

"Ал апаттық медицина орталығына келсек, оны біздің қарамағымызға беру жөніндегі заң 2003 жылы қабылданған. Бірақ, Төтенше жағдайлар министрлігінің функциялары арасында оның функциясы көрсетілмей қалған. Бұл мәселені біз 2007 жылы шешіп, тиісті функция төтенше жағдайларды жою аясына қамтылды", - деді В.Храпунов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны