12.02.2013, 15:53 3038

Т. Есетовтің ОҚО-да апатқа ұшыраған АН-72 ұшағының күрделі жөндеу жұмысына еш қатысы болмаған

Еске сала кетсек, 2013 жылғы 31 қаңтарда сағат 19.50-де Алматы қаласында өзінің қызметтік кабинетінде оқ тиген жарақат ізі бар ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастығы генерал-майор Талғат Малғаждарұлы Есетовтің өлі денесі табылды.

Астана. 12-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі академиясының бастығы генерал-майор Талғат Есетов 2012 жылғы желтоқсанда ОҚО-да апатқа ұшыраған АН-72 ұшағының күрделі жөндеу жұмысына ешқандай қатысы болмаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы BNews.kz ақпараттық агенттігі Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Еске сала кетсек, 2013 жылғы 31 қаңтарда сағат 19.50-де Алматы қаласында өзінің қызметтік кабинетінде оқ тиген жарақат ізі бар ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының бастығы генерал-майор Талғат Малғаждарұлы Есетовтің өлі денесі табылды.

Орын алған жағдайды жан-жақты тексеру үшін қылмыстық іс қозғалып, тергелуде. Іс бойынша барлық қажетті сот-медициналық және криминалдық сараптамалар жүргізілді, Т.М.Есетовтың туған-туыстары мен қызметтестерінен жауап алынды.

Баспасөз қызметі атап өткендей, іс бойынша алынған дәйектердің жиынтығы Т.М.Есетовтің өліміне оның өз-өзіне қол жұмсауы себеп болғанын сенімді айтуға мүмкіндік береді.

Тергеу болжамы бойынша, өз-өзіне қол жұмсауына лауазымын асыра пайдаланғанына күдіктену салдарынан шиеленіскен көңіл-күй жағдайы себеп болған.

Сонымен қатар, баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті әуе техникасының жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетілуін ұйымдастыру кезінде Шекара қызметі лауазымды тұлғаларының қызметтік өкілдіктерін заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Аталған іс аясында Шекара қызметінің бұрынғы және қазіргі басшыларының, оның ішінде Т.М.Есетовтің украиндық кәсіпорындардан пара алуға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Баспасөз қызметінің айтуынша, жеке Есетовке қатысты, ол Шекара қызметінің орталық аппаратында қызмет еткен уақытта әуе техникасының 2010 жылғы жөндеу жұмыстарының келіссөздері тексерілді.

2012 жылғы желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында апатқа ұшыраған АН-72 ұшағының күрделі жөндеу жұмыстарына Т.М.Есетовтің ешқандай қатысы болмаған.

Т.М.Есетовтің өзін өзі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істің тергелуі жалғасуда.

Жоспарланған барлық тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін қорытынды іс-жүргізу шешімі қабылданады және ол жайында қосымша хабарланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны