09.08.2024, 15:45 77196
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді
Достарға айту
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға келді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады. Түрікменстан басшысын Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Қазақстан мен Түрікменстан өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде. Мәселен, 5 жыл ішінде екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге өсіп, тек соңғы жылдың өзінде 28%-ға артты. Биылғы 6 айда тауар айналымы $237,2 млн-ды құрады.
Бүгінгі таңда ынтымақтастықты арттырудың перспективалы бағыттары - газ және транзиттік-көлік салалары. Онда автожолдарды реконструкциялау және салу бойынша бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Оның ішінде ұзындығы 225 шақырым болатын "Қазақстан шекарасы - Гарабогаз - Түрікменбашы" жаңа автожолының және Гарабогазгол шығанағы арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы бар. Ұзындығы 165 шақырым "Жаңаөзен - Түрікменстан шекарасы" автожол учаскесін реконструкциялау жобасы пысықталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
19.09.2024, 14:47 2621
Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге үкімет резервінен шамамен 5,9 млрд теңге бөлінді
Достарға айту
Атырау облысындағы 8 жол учаскесін салуға және жөндеуге Үкімет резервінен қаржы бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Құжатта су тасқыны салдарынан зақымданған жолдарды қалпына келтіруге Атырау облысының бюджетіне аудару үшін Үкіметтің төтенше резервінен ҚР Көлік министрлігіне шамамен 5,9 млрд теңге бөлу қарастырылған.
Аталған қаражаттың 4,6 млрд теңгесі облыстық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесін, оның ішінде, "Индер - Қарабау - Сағыз", Қарабау кентіне кірме жолдар, "Сарытоғай - Махамбет", "Атырау - Индер", сондай-ақ Құлсары қаласындағы жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіруге бағытталады.
Су тасқыны салдарынан зардап шеккен "Индер - Қарабау - Миялы - Сағыз" автожолындағы көпір мен су өткізу құбырлардың құрылысына шамамен 1,3 млрд теңге бөлінеді.
Айта кетейік, су тасқыны 11 жол учаскесінде елеулі қирауларға әкеліп, бес учаскеде су өткізгіш құбырларға зақым келтірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.09.2024, 14:44 2836
Елімізде жыл басынан бері 60-қа жуық есірткі зертханасы жойылды
Достарға айту
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке еліміздегі заңдылықтың сақталуы мен құқықтық тәртіптің жай-күйі, қадағалау органының басым бағыттардағы қызметі жөнінде мәлімет берілді.
Бас прокурор инвестициялық жобаларды қолдау туралы баяндады. Берік Асыловтың айтуынша, ел экономикасына 8,3 триллион теңге қаржы құйған 445 инвесторға құқықтық көмек көрсетілген. "Прокурорлық сүзгі" жобасы аясында мемлекеттік органдардың инвесторларға қарсы 500 шешімі бекітілген жоқ. Қабылданған шаралар инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыра түсуге мүмкіндік берді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа активтерді қайтару жұмыстары туралы баяндалды. Биыл прокуратура органдары жалпы құны 262 миллиард теңге, соның ішінде шетелден 205 миллион долларға бағаланған активтерді қайтарған. Активтерді басқару компаниясына кәсіпорындардағы құны 82 миллиард теңге болатын мүлік пен үлестер берілді. Жалпы сомасы 450 миллиард теңгеге тең активтерді қайтару туралы келісім мақұлданды.
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған заңсыз берілген және пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару жөніндегі тапсырмасы орындалып жатыр. Бас прокурор соңғы 4 жылда мемлекетке 17 миллион гектар жер қайтарылып, айналымға енгізілгенін жеткізді. Жайылым тапшылығы 29 миллион гектардан 8 миллион гектарға дейін, яғни 4 есе қысқарды, жерге үлесі бар 11 мың адамның құқығы қорғалды.
Бұдан бөлек, Берік Асылов Қасым-Жомарт Тоқаевты атышулы бірқатар қылмыстық істің тергелу барысынан хабардар етті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына есірткі қылмысына қарсы күрестің жай-күйі жөнінде ақпарат берілді. Жыл басынан бері есірткі сатудың 1573 фактісі анықталды. Бұдан бөлек 15 тоннадан астам есірткі тәркіленген, соның ішінде 1 тонна синтетикалық есірткі бар. 60-қа жуық есірткі зертханасы жойылып, 13 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды.
Мемлекет басшысы "Әділетті Қазақстан" тұжырымдамасында айқындалған "Заң және Тәртіп" бағдарын нығайту ісіне прокуратура органдарының күш-жігерін барынша жұмылдыруды, әсіресе, заңға қайшы кез келген әрекет үшін жазадан жалтаруға жол бермеуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.09.2024, 14:27 3216
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.09.2024, 14:09 3466
Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал жайында мәлімет берілді
Достарға айту
Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал жайында мәлімет берілді.
Министрдің айтуынша, жыл басынан бері қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалып отыр. Атап айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар саны төрт мыңға, соның ішінде қылмыс жеті мыңға азайған. Қоғамдық орындарда жасалатын және кәмелетке толмаған азаматтардың қатысы бар құқық бұзушылықтар төмендеген. Сонымен қатар қылмыстың барлық түрін ашу көрсеткіші жақсарған.
Мемлекет басшысына ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кадрлық әлеуетті арттыру жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.
Министр "Заң және Тәртіп", құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын іске асыру, сондай-ақ қылмыстың алдын алу шаралары туралы айтты. Жыл басынан бері әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу көрсеткіші 45 пайызға ұлғайған, соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылғандар 30 пайызға, жол жүру ережесін бұзу фактілерін анықтау 47 пайызға артқан. Нәтижесінде жүргізуші куәлігінен айырылғандар саны екі есе көбейген.
Бұдан бөлек, Президентке қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдай туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2024, 15:44 23431
Солтүстік Аралға жыл басынан шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді
Достарға айту
Солтүстік Аралға жыл басынан шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың басынан Солтүстік Арал теңізіне 1,9 млрд текше метр су жіберілді. Осылайша, бүгінде Солтүстік Аралдағы жалпы су көлемі 22 млрд текше метрге жетті.
Бұл туралы бүгін Халықаралық Аралды құтқару Қоры Басқармасының отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Айта кетейік, отырыс Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген делегациялардың қатысуымен өтіп жатыр.
Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда Президентіміз Халықаралық Аралды құтқару Қорының басшысы болып сайланды. Қордың төрағасы ретінде біздің елімізге үлкен жауапкершілік жүктелген және біз Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынаста боламыз. Бірлесіп Арал теңізін сақтау бойынша елеулі нәтижелерге қол жеткіздік және осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз. Биыл Солтүстік Аралға тұрақты түрде су келеді. Суару кезеңінің ортасында Сырдария өзені арқылы теңізге секундына 80 текше метрге дейін су жіберілді. Салыстырмалы түрде, бір жыл бұрын секундына 6 текше метр ғана барған болатын. Соңғы жылдары Солтүстік Аралда су көлемі төмендеді, бірақ 2024 жылдың басынан су деңгейі қайта көтеріле бастады және бүгінде 22 млрд текше метрге жетті. Солтүстік Аралда су көлемінің одан әрі ұлғаюын қамтамасыз ету үшін біз су дипломатиясын күшейтіп, Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жөніндегі жобаның екінші кезеңін әзірлеп жатырмыз", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстанның 2024-2026 жылдары ХАҚҚ төрағалық ету кезеңіне арналған Атқару комитетінің жұмыс жоспарын бекітті. Құжат құрылтайшы мемлекеттердің басшылары мен ХАҚҚ Президентінің тапсырмаларын іске асыру, Қордың ұйымдық құрылымы мен шарттық-құқықтық базасын жетілдіру және т.б. мәселелер бойынша 10 бағыттан және 40-тан астам іс-шарадан тұрады.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстанның төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару Қоры Басқармасының бірінші отырысы өтті. Жиынға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, ХАҚҚ Атқару комитетінің төрағасы Асхат Оразбай, Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Сулаймон Зиёзода, Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Тангрыкули Атахаллыев, Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев қатысты.
Айта кетейік, Сырдария өзені ағынының 75%-ы Қырғызстанда, 20%-ы Өзбекстанда және 5%-ы Қазақстанда қалыптасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2024, 15:41 23626
Қазақстан Қырғызстанмен шекарада индустриялық сауда-логистикалық кешен құру туралы келісімді ратификациялады
Достарға айту
Қазақстан Қырғызстанмен шекарада индустриялық сауда-логистикалық кешен құру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы "Қарасу" және "Ақ-Тілек" автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2024, 15:38 23866
Терроризмге қарсы қызметтің жаңа басшысы тағайындалды
Достарға айту
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары - терроризмге қарсы қызметтің бастығын тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.09.2024, 15:34 24071
Қоқыс тастаған алматылықтарға айыппұл салынатын болады
Достарға айту
Қоқыс тастаған алматылықтарға айыппұл салынатын болады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіненн.
Алматыда үлкен көлемдегі қалдықтардың, оның ішінде ескі жиһаздар, сынған тұрмыстық техника мен құрылыс қалдықтары, сондай-ақ, қаптамалар, пластикалық бөтелкелер және басқа да көше қалдықтарының жиналуымен байланысты мәселе өсіп келеді.
Бұзушылықтар тек контейнерлік алаңдарға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық орындарға да әсер етіп, қаланың санитарлық жағдайына кері әсерін тигізеді.
2024 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Алматыда абаттандыру саласындағы бұзушылықтармен күресу шаралары күшейтіледі.
Көлемді қоқыс пен көше қоқыстарын рұқсат етілмеген орындарға қалдырғаны үшін айыппұл салынатын болады.
Экология және қоршаған ортаны қорғау Басқармасы қалалық полиция Департаментімен бірлесіп, тәртіп бұзушыларды анықтауға бағытталған бірлескен рейдтер жүргізеді.
Бейнебақылау камералары қалдықтарды заңсыз төгу жиі орын алатын жерлерде орнатылады. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары, стихиялық орындарда рұқсатсыз сыртқы жарнаманы орналастыру жағдайларына баса назар аударатын болады.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының басынан бері жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Алматы қаласының көшелеріндегі коммуналдық инфрақұрылымды дамыту Басқармасы тазалауға қосымша құрал-жабдықтар мен ресурстарды қажет ететін қоқыс жәшіктері толып жатқан 52 аумақты анықтады.
Санитарлық тазалаудың тиімділігін арттыру мақсатында дизайн-код бойынша жаңа кең қоқыс жәшіктерін сатып алу, сондай-ақ қосымша тазарту, патрульдік маршруттарын іске қосу жоспарлануда.
Бүгінде қалада 33 мыңға жуық қоқыс жәшіктері болса, қаланы тазалауға 1300-ге жуық адам мен 1000-нан астам техника жұмылдырылған.
Көлемді және көше қалдықтарды дұрыс сақтамау қоғамдық орындардың ластануына және қоқыс жинайтын компаниялардың жұмысының бұзылуына әкеп соғады.
Мысалы, көшедегі қоқыс тротуарлар мен жолдарды ластауы мүмкін, ал контейнерлердегі көлемді қоқыс қоқыс таситын нығыздағыштардың жұмысын қиындатады.
ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 505-бабына сәйкес абаттандыру ережелерін бұзу мынадай айыппұлдарға әкеп соғады:
- жеке тұлғалар үшін - 20 АЕК;
- шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар - 30 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілері - 40 АЕК;
- Ірі кәсіпкерлік субъектілері - 100 АЕК.
Қаланың санитарлық жағдайы мен эстетикасын жақсарту мақсатында 2024-2025 жылдары 2 мыңнан астам жаңа контейнерлер орнату жоспарлануда.
Бұл контейнерлер қоқыс контейнерлері алып жатқан аумақты азайтады, жағымсыз иістерді бөгейді және құстар мен қаңғыбас жануарлардың кіруіне жол бермейді.
Үлкен көлемдегі қалдықтарды шығару үшін қала тұрғындарына мамандандырылған ұйымдарға хабарласу немесе қалдықтарды өздері шығару ұсынылады.
Бұл шаралар абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды болдырмауға, сондай-ақ қаладағы тазалық пен тәртіпті сақтауға көмектеседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.09.2024, 14:09Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал жайында мәлімет берілді 19.09.2024, 14:27 2821Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды19.09.2024, 14:44 2441Елімізде жыл басынан бері 60-қа жуық есірткі зертханасы жойылды19.09.2024, 14:47 2226Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге үкімет резервінен шамамен 5,9 млрд теңге бөлінді19.09.2024, 13:26 1146Бопсалаумен айналысқан 20-дан астам жастар тобын ұсталды
13.09.2024, 18:53 61681Үлбі металлургия зауыты 75 жылдығын атап өтуде13.09.2024, 18:52 61451Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтті13.09.2024, 15:41 61291Елордада әскери оқу-жаттығу жиындары басталды13.09.2024, 15:38 60591Бектенов Шымкентте ауыл шаруашылығы, тамақ және фармацевтика өнеркәсібінің дамуымен танысты13.09.2024, 15:31 60126Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді
28.08.2024, 18:38 116901Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынды28.08.2024, 17:42 11571639 млрд теңгеден астам қаржылық заң бұзушылықтары және мемлекеттік аудит жүйесін реформалау: бұл туралы Тоқаев пен Смаилов сөз қозғады29.08.2024, 17:19 111506Алматыдағы аудандарда ҚР Конституциясы күніне орай қандай іс-шаралар өтеді29.08.2024, 17:00 107266Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орындары өзгерді29.08.2024, 16:57 107146Алматыда қала арқылы өтетін негізгі өзендерде көшкін қаупінің картасы әзірленеді