12.11.2019, 16:05 11953

Түркістан облыстық ПД тіркеу-емтихандық бөлімі лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды

Қылмыстық іс 1 538 томнан тұрады.

Нұр-Сұлтан. 12 қараша. Kazakhstan Today - Түркістан облыстық ПД ТЕБ-нің лауазымды тұлғалары мен олардың делдалдары бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталды.

Түркістан облыстық ПД тіркеу-емтихандық бөлімі (бұдан әрі - ТЕБ) бұрынғы бастығы А. Жаппаровқа, мемлекеттік жол инспекторлары бағынатын үш аймақтық және бір қалалық бөлім деңгейдегі ТЕБ басшыларына,Түркістан облыстық ПД криминалистеріне, сондай-ақ делдалдарға (азаматтық тұлғалар) қатысты бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды.

Оған келесі қылмыстар бойынша айып тағылды: пара алу, пара беру (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін жалпы қорғау үшін пара алуға әрекет жасау), қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру, қызметтік жалған құжат жасау, жалған құжаттарды өндіру, сату және пайдалану, қылмыстық ұйым құру, басқару және оған қатысу, жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің 144 фактісі және Қазақстан Республикасына қосалқы бөлшектер түрінде кіргізілген 353 автомобильді заңсыз тіркеу арқылы барлығы 2,7 млрд. теңге сомасына зиян келтірілген.

Қамауда 38 айыпталушы болды, олардың 26 - ОҚО ІІД бұрынғы қызметкерлері.

Қылмыстық іс 1 538 томнан тұрады.

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен А. Жаппаров 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сайрам, Бәйдібек, Мақтаарал аудандарының және Түркістан қаласының ТЕБ-нің бұрынғы басшылары Қуанышбеков Н., Әбдіғалиев Н., Ағабеков С. және Түрегелдиев М. әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

ТЕБ-тің мемлекеттік жол инспекторлары мен Түркістан облыстық ПД криминалистері, сондай-ақ делдалдар (азаматтық тұлғалар) әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды және бостандықтары шектелді.

Сотталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқаруға және арнайы атақтар алу құқығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны