28.09.2020, 19:57 10103

Түркістан облысына сапары барысында Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті "Конгресс Холл" көпфункционалды концерт залына барды.

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Түркістан облысына сапары барысында Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты.

Халықаралық әуежайдың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асқан. Қаладан 20 км қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған.

Әуе айлағын салу үшін 102 бірлік арнайы техника мен 300-ден астам құрылысшы жұмылдырылды. Халықаралық әуежайдың жалпы ауданы 905 га құрайды. Әуежайдың қызмет көрсету әлеуеті жылына шамамен үш миллион жолаушыны құрайды.

Елбасы жаңа "Түркістан-Арена" стадионына барды.

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының қолдауымен салынған жаңа спорт нысанын аралап көрді.

Стадионның трибуналары жеті мың көрерменге арналған. Ашық аренаның батыс және шығыс трибунасы бар. Сонымен қатар спорттық ғимаратта акробатика, бокс және ауыр атлетика жаттығу залдары орналасқан.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті "Конгресс Холл" көпфункционалды концерт залына барды.

Елбасы концерттерге, театрландырылған қойылымдарға, байқауларға, ғылыми конференцияларға және басқа да іс-шараларға арналған көпфункционалды мәдени нысанды аралады.

Жаңа ғимаратта бір мың орындық көрермен залы, төрт дайындық бөлмесі, әкімшілік кеңселер және балаларға арналған ойын бөлмесі орналасқан.

Сонымен қатар ғимаратты аралап көру кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа "Жаңарған Ел - бақ қонған Ел" бейнеролигі көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны