23.05.2025, 10:30 96166

Түркістан облысында қоқыс полигондарының 70% экологиялық талаптарға сәйкес келмейді

Түркістан облысында қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы экологиялық, санитарлық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыс көлеміндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтау полигондарының экологиялық талаптарға сәйкес жұмыс жүргізу бөлігіне талдау жүргізді.

Талдау барысында, полигондардың 70 пайызы санитариялық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Мәселен, облыс аумағындағы 135 полигон инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген (жарық, қоршау, арнайы құрылғылармен қаржыландыруға байланысты жабдықталмаған), 81-і санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз (жан-жақты қарау және тиісті әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша материалдар сотқа жолданған), 11-і экологиялық рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеуде.

Бұл ретте, орын алған заң бұзушылықтар бойынша прокуратура тарапынан қадағалау актісі енгізіліп (Түркістан облысы бойынша Экология департаменті мен санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментіне), тиісті басшыларына 9 млн теңгеден астам айыппұл салынды және 11 полигонның қызметі экологиялық рұқсат алғанша тоқтатылды.

Қазіргі таңда рұқсат етілмеген полигондарды тазарту және санитариялық, экологиялық заңнамалардың талаптарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны