13.09.2019, 13:59 4111

Түркістан облысында республикалық "Жолда қабылдау" акциясы өткізілуде

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық қала-аудандарда республикалық "Жолда қабылдау" акциясы өткізілуде

Түркістан. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 13-14 қыркүйек күндері таңғы сағат 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты барлық қала-аудандарда республикалық "Жолда қабылдау" акциясы өткізілуде. Акцияның алғашқы күнінде, Есімхан алаңында өткізіліп жатқан "Жолда қабылдау" акциясына Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Абдуғани Сейдуалиев арнайы келіп, жергілікті тұрғындарды қабылдады. А.Сейдуалиев: "Аталған акцияның негізгі мақсаты - халық пен полиция арасындағы кері байланысты нығайту, жұртшылыққа жақын болу, сондықтан Түркістандық полицейлер Министр Е.Тұрғымбаев бекіткен тапсырманы орындап, осы бағыттағы шараларды қарқынды түрде іске асыруда. Сәуір айынан бері, ай сайын 2 күн өткізіліп жүрген іс-шарада тұрғындар тарапынан қаншама алғыстар мен пікірлер айтылды, полицейлер заң тұрғысында кеңестер берді. Ең бастысы халықтың полицейлерге деген сенімі артты"- деп аталмыш акцияның мән-маңызын түсіндіріп өтті. Оған қоса, бұл жолғы акция бұрынғыдан өзгерек өтті. Киелі Түркістан қаласыдағы Қ.А.Яссауи кесенесіне Қазақстанның барлық қалаларынан және алыс-жақын шетелдерден туристер ағылып келетіні белгілі. Бүгінгі "Жолда қабылдау" республикалық акциясының ерекшелігі осында, Қасиетті қалаға зиярат етіп келген азаматтардың акцияға қатысып, өздерінің полицейлерге, оның жұмыстарына қатысты сұрақтарын қойып, жауап алуында. Орал қаласы, Алматы облысы, Қарағанды, Шымкент, Кентау қалалары және Төлеби, Ордабасы ауданының тұрғындары ашық аспан астында отырған полицейлерге келіп, танысып, өздеріне қажетті мәліметтерді алды. Ал, Өзбекстан Республикасының Андижан қаласынан келген бірнеше қарияларымыз, Түркістандық тәртіп сақшыларының қарапайымдылығына риза болып, ҚР ІІМ-нің бастамасымен қолға алынған акцияға қолдау білдіріп, пайдасы көп екендігіне сенім білдірді. Шынында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашық болу үшін полиция құрылымдарының басшылары мен тәжірибелі мамандардың азаматтарды қабылдауы өз нәтижесін беріп келеді. Іс-шара аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, автокөліктерді тіркеу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол жүрісін ұйымдастыру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, акцияның бірінші күнінде, яғни 13 қыркүйекте облысымыздың барлық қала, аудандары бойынша 1400-ге жуық азамат құқық қорғау органы қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.

Айта кететін жайт, кез-келген тұрғын немесе қала қонағы бүгінгідей белсенділік танытып, өздерінің полиция қызметіне қатысты сұрақтары мен көкейіндегі өтініштерін арнайы келіп немесе ТО ПД-нің әлеуметтік желілері арқылы қоюына болады. Халыққа жақындауды басты мақсат еткен полицейлер әрқашан қызметке дайын, деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны