14.06.2019, 23:02 9401

Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін жауапқа тартылды

А.ж. 7 маусымда Түркістан қаласының сот үкімімен Бектаев және Тасболат сыбайлас жемқорлық жасауда кінәлі деп танылып, 13,3 млн. теңге айыппұлға тартылды, Ботанов парақорлықта делдал болуда кінәлі деп танылып, 1,9 млн. теңге айыппұлға тартылды.

Нұр-Сұлтан. 14 маусым. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті "Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ-нің басшысы Р. Бектаев және осы мекеменің бөлім басшысы Т. Тасболат, сондай-ақ "Сұңқар Building" ЖШС басшысының орынбасары А. Ботановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Лауазымды тұлғалар "KazGeoStandart" ЖШС-ның ізденіс жұмыстарын жүргізуге лицензия беруі үшін А. Ботанов арқылы 380 мың теңге сомасындағы пара алған.

Бектаев сондай-ақ бағыныштылардан сыйлықақы төлемдерін жинауды іске асырған, үлестес тұлғалар арқылы кәсіпкерлік қызметке қатысқан.

А.ж. 7 маусымда Түркістан қаласының сот үкімімен Бектаев және Тасболат сыбайлас жемқорлық жасауда кінәлі деп танылып, 13,3 млн. теңге айыппұлға тартылды, Ботанов парақорлықта делдал болуда кінәлі деп танылып, 1,9 млн. теңге айыппұлға тартылды.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкім заңды күшіне енген күннен бастап 2 ай ішінде айыппұл төлеу мерзімін белгіледі.

Сотталғандарға ауыр қылмыс үшін айыппұл төлемеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатынын түсіндірілді, деп хабарлайды МҚІСЖҚҚА баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны