17.04.2024, 15:17 40776

Тәртіп бұзғандар әкімшілік жаза аясында қоғамдық жұмыстарға тартылады

Тәртіп бұзғандар әкімшілік жаза аясында қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы әкімшілік заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі әкімшілік жаза енгізіледі және оны орындау тетігі мен кодекстің Ерекше бөлігінің осы жаза түрі қолданылатын құрамы айқындалады.

Заң жобасында сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам шақыруға дәлелді себепсіз келмеген кезде күштеп әкелу тәртібі де көрсетілген. Оның жалпы мерзімі бір айдан аспауы керек.

Кодекс нормаларын талдаудан соң онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізудің ерекше тәртібі және соттың (лауазымды адамдардың) төтенше жағдай режимі кезінде істерді қарау мерзімдерін тоқтата тұру құқығы қарастырылмағаны анықталды. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін тиісті заңнамалық шаралар қабылданады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны