16.10.2026, 14:20 67521 / 12660

Табиғат қорғау аймақтарына көліктердің кіруіне шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстан мен Армения қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан мен Армения елдерінің өкілдері жекелеген табиғат қорғау аумақтарына іштен жану қозғалтқыштары бар автокөліктердің кіруін шектеу және келушілер үшін экологиялық қауіпсіз баламалы қозғалыс тәсілдерін дамыту мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

"Мұндай тәсілдер атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың көлемін азайтуға, табиғи экожүйелерге түсетін жүктемені төмендетуге және тұрақты экологиялық туризмді дамытуға ықпал етуі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.


Сондай-ақ кездесу барысында тараптар қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау және қайта өңдеуді дамыту, сондай-ақ осы салада заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктері бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

"Кездесу қорытындысы бойынша тараптар талқыланған мәселелер бойынша алдағы уақытта тәжірибе алмасуды жалғастыруға мүдделілік білдірді", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны