02.06.2014, 20:50 2864

Табиғи монополия субъектілері 2015 жылы ұзақ мерзімді тариф жұмыстарына өтеді - М.Оспанов

Табиғи монополиялардың барлық субъектісі 2015 жылдан бастап ұзақмерзімді тариф жұмыстарына өтеді. Оның мерзімі 5 жыл. Алайда бұл уақыт аралығында тариф өсімі болмайды.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. Табиғи монополиялардың барлық субъектісі 2015 жылдан бастап ұзақмерзімді тариф жұмыстарына өтеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов мәлімдеді.

"Табиғи монополиялардың барлық субъектісі 2015 жылдан бастап ұзақмерзімді тариф жұмыстарына өтеді. Оның мерзімі 5 жыл. Алайда бұл уақыт аралығында тариф өсімі болмайды. Тарифтер әр жыл сайын қажеттілікке қарай қойылып, тариф құру әдістемесін жетілдірудің шаралары бүгінде заңды түрде қарастырылып, тариф құрудың жаңа механизмдерін енгізуде, бичмаркетинг әдістері енгізілді. Алдағы уақытта реттеудің ынталандыру шаралары кеңейтіліп, сонымен қатар 2020 жылға дейін өзін өзі реттеуге кезең кезеңімен өткізілмек", - дейді төраға.

Оспановтың айтуынша, қазіргі таңда шағын қуатты 300 субъекті ескертетін сипатқа өткізілді.

"Қазіргі таңда шағын қуатты 300 субъекті ескертетін сипатқа өткізілді. Енді олар инфляцияға сүйеніп өздері тарифті көтере алады", - дейді М.Оспанов.

Оның айтуынша, инвестиция үшін қарыз ақшаны міндетті түрде қайтару қарастырылған.

"Сонымен қатар қаржыландыру көздері мен инвестиция үшін жаңғыртуға негізделген қарыз ақшаны міндетті түрде қайтару мен инвестиция тартудағы әділетті табыс нормасын орнату кепілі қарастырылған", - дейді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны