22.01.2008, 18:29 3011

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 2008 жылы тарифтерді көтеру жөнінде 87 арызды қарастырды

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 2008 жылы тарифтерді көтеру жөнінде 87 арызды қарастырды

Астана. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 2008 жылдың басында тарифтерді көтеру жөнінде 87 арызды қарастырды. Бұл туралы бүгін коллегияның отырысы барысында табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қызмет түрлеріне қатысты тарифтерді 1 қаңтардан және 1 ақпаннан бастап бекіту жөнінде 59 субъектіден 87 арыз келіп түсті ", - деді Н. Алдабергенов.

"Заң талаптарын орындамағаны үшін, 64 тариф қайтарылып, 12 өзгеріссіз қалдырылып, 11 тариф төмендетілсін деген құжат бекітілді ", - деп түсіндірді ол.

Оның мәліметтері бойынша, бүгінгі кезде, "Агенттіктің қаралуына сандық нормативтерін бекіту, шикізатты қолданудың нормаларын анықтау, материалдар мен нормативтік-техникалық шығындарын анықтау жөнінде 70 арыз келіп түскен".

Сонымен бірге табиғи монополияларды реттеу агенттігі " базалық 21 табиғи монополия субъектілерінің заң талаптарын орындау істерін тексере бастады".

"Жалпы биылғы жылы жоспар бойынша 270 табиғи монополия субъектісі тексерілетін болады", - деп атап өтті Н. Алдабергенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны